Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Осы редакция 2013 жылғы 18 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: 1) «Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 9, 69-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесінде: 3-тармақтың үшінші абзацы: «қожалығы» деген сөзден кейін «кәмелетке толған» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Шаруа (фермер) қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің (қатысушыларының) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап есептелуге және төленуге тиіс.»; 5-тармақтың төртінші абзацы «қожалығы» деген сөзден кейін «кәмелетке толған» деген сөздермен толықтырылсын; 35-2-тармақтың екінші абзацындағы «теңгемен» деген сөз «ұлттық валютамен» деген сөздермен ауыстырылсын; 35-4-тармақ «шот болмаған» деген сөздерден кейін «немесе агенттің банктік шотындағы (шоттарындағы) ақша жеткіліксіз болған» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген Ережеге 2-қосымша «шоттар болмаған» деген сөздерден кейін «немесе агенттің банктік шотындағы (шоттарындағы) ақша жеткіліксіз болған» деген сөздермен толықтырылсын; 2) «Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 323-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесінде: 18-1-тармақтың бірінші абзацындағы «шот болмаған» деген сөздерден кейін «немесе төлеушінің банктік шотында (шоттарында) ақша жеткіліксіз болған» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|