|
|
|
Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың қағидалары (2013.30.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. № 1671; 11.06.03 ж. № 561 (бұр. ред. қара) қаулыларымен тақырыбы және 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен қазақ тіліндегі мәтінде бүкіл мәтін бойынша «Ереже», «Ережесі», «Ережеге», «Ереженің», «Ережелердің», «Ережесіне» деген сөздер тиісінше «Қағидалар», «Қағидалары», «Қағидаларға», «Қағидалардың» деген сөздермен ауыстырылды (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың қағидалары бекітілсін. 2. Төлеушілер 1998 жылғы 31 желтоқсанға дейін жинақтаушы зейнетақы қорларына есептеген, бірақ олар аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы жоғарыда көрсетілген Қағидаларға сәйкес аударуға жатады. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1-қосымшаға сәйкес кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. № 1671 Қаулысымен тақырыбы өзгерді; ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 Қаулысымен тақырыбы және мәтіндегі сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара) Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың қағидалары
1. Жалпы қағидалар
ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. № 1671 Қаулысымен 1-тармақ өзгерді; ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2013.30.05. № 551 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Осы Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттердің (бұдан әрі - агенттер) міндетті зейнетақы жарналарын есептеуінің, ұстап қалуының (қоса есептеуінің) және аударуының тәртібі мен мерзімдерін айқындайды. ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. № 1671 Қаулысымен 2-тармақ өзгерді; ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2013.30.05. № 551 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда 2. Заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке меншік нотариустар, сот орындаушылары агент ретінде өздерінің орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органдарында есепке алынуы тиіс. ҚР Үкіметінің 29.12.99 ж. № 2010; 22.12.01 ж. № 1671; 11.06.03 ж. № 561 (бұр. ред. қара); 2005.06.30. № 659 (бұр. ред. қара); 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2006.03.08. № 736 (бұр. ред. қара); 2006.23.11. № 1116 (2007.01.01. қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара); 2007.11.03. № 178 (бұр.ред.қара); 2007.30.04. № 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.23.07. № 620 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара);2007.28.12. № 1343 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.31.12. № 1350 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.09.06. № 648 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.14.09. № 1196 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.30.05. № 551 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді 3. Жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланатын агенттер қызметкерлерге төленетін кірiстен ай сайын мiндеттi зейнетақы жарналарын есептейдi және ұстап қалады, және оларды жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады. Дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары мен адвокаттар міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды өзінің пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады. Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды шаруа немесе фермер қожалығы кәмелетке толған мүшесінің (қатысушысының) және басшысының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің (қатысушыларының) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап есептелуге және төленуге тиіс. Бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте он жылға жетпейтін қызмет стажы бар әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерi, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшiн мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу және аудару «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының судьялары үшін жинақтаушы зейнетақы қорларына судьяның ай сайынғы кірісінің он пайызы мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары республикалық бюджет қаражаты есебінен қосымша белгіленеді. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетінен айрылу және (немесе) жұмысынан айрылу жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (қызды) (балаларды) асырап алуына байланысты, сондай-ақ бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын есептеуді және ұстап қалуды міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі - Орталық) жүзеге асырады. Арнаулы салық режимін біржолғы талон негізінде қолданатын жеке тұлғалар міндетті зейнетақы жарналарын біржолғы талондар сатып алынатын әрбір отыз күнге есептейді және оларды өзінің пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетінен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын есептеуді және ұстап қалуды Орталық әлеуметтік төлемдер алушы ұсынған зейнетақы шартының көшірмесі негізінде жүзеге асырады. Агенттер Орталықтан қызметкерде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуы туралы растама ала алады. Агенттің қызметкерде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуын растауға арналған өтінішінде: агенттің атауы мен деректемелері, қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Егер тегі, аты, әкесінің аты өзгерген болса бұрынғы тегі, аты, әкесінің аты да көрсетіледі. Өтінішке басшы, бас бухгалтер қол қоюға және ол мөрмен расталуға тиіс. Егер бас бухгалтердің лауазымы көзделмеген болса, өтініште тиісті белгі жасалады. Орталық агенттен қызметкерде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуын растауға арналған өтініш келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде агентке осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкерде бұл шарттың болуы туралы растау анықтаманы береді. ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. № 1671 Қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 (бұр. ред. қара); 2005.30.06. № 659 (бұр. ред. қара); 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.23.07. № 620 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3-1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.31.12. № 1350 Қаулысымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 3-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3-1. Ұстап қалынған міндетті зейнетақы жарналарын Орталыққа: заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері мен шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатындардан басқа), сондай-ақ жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары мен адвокаттар қызметкерлерге төлейтін табысынан - кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей; дара кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері мен шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін патент немесе оңайлатылған декларация негізінде қолданатындардан басқа), сондай-ақ жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары мен адвокаттар өз пайдасына - есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей; арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде; арнаулы салық режимін оңайлатылған декларация негізінде қолданатын шағын бизнес субъектілері - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде; арнаулы салық режимін патент негізінде қолданатын жеке кәсіпкерлер - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына патент құнын төлеу үшін көзделген мерзімде; Орталық - әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейінгі айдың он бесі күнінен кешіктірмей аударады. ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. № 1671 Қаулысымен 4-тармақ толықтырылды; ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 (бұр. ред. қара); 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қолма-қол ақшасыз жасалатын төлемдер арқылы агент жүргізеді. Банктерде шоттары жоқ дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары мен адвокаттар міндетті зейнетақы жарналарын, оларды кейіннен осы Қағидалардың 7-тармағында айқындалған тәртіппен тиісті жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару үшін банкке қолма-қол ақшамен салады.
ҚР Үкіметінің 23.12.99 ж. № 2010 Қаулысымен тараудың тақырыбы өзгертілді 2. Мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалудың мөлшерi мен жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың тәртібі
ҚР Үкіметінің 29.12.99 ж. № 2010 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. № 1671 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 16.02.04 ж. № 185 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 (бұр. ред. қара); 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.11.03. № 178 (бұр.ред.қара) Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді; 2007.28.12. № 1343 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2008.31.12. № 1350 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.30.05. № 551 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді 5. Міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалу және жинақтаушы зейнетақы қорларына төлеу мынадай мөлшерлемелер бойынша жүзеге асырылады: заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер, сондай-ақ жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары мен адвокаттар - материалдық, әлеуметтік игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрінде жұмыс беруші берген кірісті қоса алғанда, жұмыс беруші қоса есептеген ақшалай немесе заттай нысандағы ай сайынғы кірістің он пайызы мөлшерінде. Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының жетпіс бес еселенген ең төменгі мөлшерінен аспауы тиіс; жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке меншік нотариустар мен адвокаттар өзінің пайдасына - мәлімдейтін кірісінің он пайызы мөлшерінде, бірақ жалақының ең төменгі мөлшерінің кемінде он пайызы және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының жетпіс бес еселенген ең төменгі мөлшерінің он пайызынан аспайды; арнаулы салық режимін біржолғы талон негізінде қолданатын жеке тұлғалар өзінің пайдасына - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің он пайызы мөлшерінде; Орталық - бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты еңбек ету қабілетінен айрылу және (немесе) жұмысынан айрылу жағдайына берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің он пайызы мөлшерінде, сондай-ақ жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (қызды) (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдердің он пайызы мөлшерінде; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналы бөлігінде - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі орталық аппаратының персоналына теңестірілген лауазымдар бойынша жалақының жүз пайыздық мөлшерінің он пайызы мөлшерінде. ҚР Үкіметінің 16.02.04 ж. № 185 Қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 (бұр. ред. қара); 2007.23.07. № 620 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.28.12. № 1343 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) қаулылармен 5-1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.31.12. № 1350 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.30.05. № 551 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-1-тармақ жаңа редакцияда 5-1. Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 7), 9), 10), 12), 17) тармақшаларында, 156-бабы 1-тармағының 10), 12), 18), 21), 24), 30), 32) тармақшаларында және 357-бабы 2-тармағының 4), 5) тармақшаларында белгіленген төлемдерден, сондай-ақ егер мүгедектігі мерзімсіз деп белгіленген болса, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге еңбек қабілетінен айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемдерден жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары ұсталмайды. ҚР Үкіметінің 29.12.99 ж. № 2010 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. № 1671 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 Қаулысымен 6-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 (бұр. ред. қара); 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) қаулыларымен 7-тармақ жаңа редакцияда 7. Міндетті зейнетақы жарналарын, оның ішінде берешекті аудару Орталыққа жүргізіледі. Орталық міндетті зейнетақы жарналарын міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорына аударады. ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды 7-1. Орталық міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаған жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміндегі деректемелердің Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорына сәйкестігін сақтайды. ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 Қаулысымен 8-тармақ өзгертіді (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізілді) (бұр.ред.қара) 8. Салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарының сомасы Орталықтың шотына келіп түскен күннен бастап үш банктік күн ішінде, МТ-100 форматындағы электронды төлем тапсырмаларымен жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылады. Орталық сонымен бір уақытта Орталық пен жинақтаушы зейнетақы қорлары арасындағы шартқа сәйкес айқындалған электронды тәсілмен жинақтаушы зейнетақы қорларына агенттерден келіп түскен, МТ-100 форматы төлемінің сомасына сәйкес келетін төлем тапсырмалары тобынан тұратын, олардың пайдасына міндетті зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалардың тізімін жібереді. Салымшының міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты және (немесе) МТ-102 форматындағы тізімде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған кезде және (немесе) салымшының деректемелерінде қателер жіберілген болса, Орталық салымшының міндетті зейнетақы жарналарының сомасын агенттің шотына қайтарады. Орталық күн сайын жинақтаушы зейнетақы қорларына алдыңғы операциялық күні тиісті жинақтаушы зейнетақы қорына жүргізілген төлемдер (сомасы мен салымшылардың саны) туралы үзінді көшірмені ұсынады. ҚР Үкіметінің 29.12.99 ж. № 2010; 11.06.03 ж. № 561 (бұр. ред. қара); 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) қаулыларымен 9-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 Қаулысымен (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.30.05. № 551 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертіді 9. Заңды тұлға Орталыққа міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде данада қағазға шығарылған төлем тапсырмасын және екі данада жеке тұлғалардың тізімін банкке ұсынады. Төлем тапсырмасының бірінші данасы мен тізімінің бірінші данасы банкте қалады, төлем тапсырмасының екінші және үшінші даналары мен тізімнің бір данасы банктің қабылдағаны туралы белгімен агенттке қайтарылады. Агенттiң банкі міндетті зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары арқылы аударған жағдайда агент банкке агенттiң банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары мен филиалдарының бөлімшелеріне ұсынатын төлем тапсырмасының қағазға шығарылған төртінші данасын және жеке тұлғалар тізімінің үшінші данасын қосымша тапсырады. Жеке тұлғалардың тізімі әрбір жеке тұлға бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірін, тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, жарнаның сомасын және ол үшін міндетті зейнетақы жарналары аударылатын кезеңді (айды, жылды) қамтуы тиіс. Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын уақытында аудармаған жағдайда аудару жеке тұлғалардың тізімі қоса беріле отырып, форматы МТ-102 төлем тапсырмасын қалыптастыру арқылы әр ай үшін жеке жүргізіледі. Агенттер міндеттi зейнетақы жарналары аударылатын кезеңдi қағазға жасалатын төлем тапсырмаларында «Төлемнiң мақсаты» деген бағанда, ал форматы МТ-102 электронды төлем тапсырмаларында форматта көзделген «ММГГГГ» жеке жиегiнде көрсетедi. ҚР Үкіметінің 29.12.99 ж. № 2010 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. № 1671; 11.06.03 ж. № 561 (бұр. ред. қара); 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.30.04. № 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.23.07. № 620 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) қаулыларымен 10-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10. Дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары мен адвокаттар өз пайдасына өз қызметкерлерінің кірісінен ұсталған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын аудара отырып (банкке қолма-қол енгізе отырып), төлем құжаттарында Орталықтың деректемелерін, ал оларға қоса берілетін тізімдерде өзі және қызметкерлер туралы мәліметтерді (жеке сәйкестендіру нөмірлерін, тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, жарналардың сомалары мен міндетті зейнетақы жарналары төленіп отырған кезеңде (айын, жылын) көрсетуі тиіс. Егер тегі, аты немесе әкесінің аты өзгерген жағдайда, жаңасымен бір мезгілде бұрынғы тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары мен адвокаттар өзінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын банкке аудару немесе төлеу кезінде төлем құжаттарын өзі туралы ғана мәліметтерді, оның ішінде банктегі банктік есеп шотының нөмірін, зейнетақы шартының нөмірі мен жасалған күнін көрсете отырып толтырады. ҚР Үкіметінің 29.12.99 ж. № 2010 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. № 1671 Қаулысымен 11-тармақ алып тасталды 11. алып тасталды ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 (бұр. ред. қара); 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) қаулыларымен 12-тармақ өзгертілді 12. Банктер мен банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомалар агенттердiң банктiк шоттарынан есептен шығарылған күнi Орталыққа аударады. Банктердiң Орталыққа ақша аударуы Қазақстан Республикасының төлем жүйелерінде қолданылатын форматтарға сәйкес жеке тұлғалардың тiзiмдерiмен бiрге электронды төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады. Қызметкерлерінің саны елу адамнан астам заңды тұлға осы Қағидалардың 9-тармағындағы талаптарды орындаудан басқа, банкке жоғарыда көрсетілген форматта электрондық көздегі жеке тұлғалардың тізімімен бірге төлем тапсырмасын ұсынады.
ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 (бұр. ред. қара); 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3-бөлім жаңа редакцияда 3. Салымшылардың (алушылардың), агенттердің және жинақтаушы зейнетақы қорларының міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімақыны аудару кезінде қателер байқалған жағдайдағы іс-әрекеттерінің тәртібі
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 13. Салымшы (алушы) төленген мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімақының жекелеген сомаларының болмауын байқаса, зейнетақы төлемдерiн немесе жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомалары туралы деректер алған кезде, тиiстi деректердi алу және жол берiлген қателердi түзету шараларын қабылдау үшiн қате байқағаны және жинақтаушы зейнетақы қорына немесе Орталыққа кез келген уақыттағы аударылған мiндетті зейнетақы жарналары туралы төлем құжаттарының көшiрмесiн және төлем құжаттарына қоса берілген, өзiнiң жеке басына қатысты жеке тұлғалар тiзiмiнiң көшiрмесiн өзiне беруi жөнiнде агентке жазбаша өтiнiш жiбередi. ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2006.23.11. № 1116 (2007.01.01. қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара); 2008.31.12. № 1350 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 14-тармақ өзгертілді 14. Агент заңнамада белгiленген тәртіппен таратылған және тарату процесi аяқталған жағдайда, салымшы (алушы) агенттің орналасқан жері бойынша мұрағат мекемелеріне, ал тарату өндiрiсi барысында тарату комиссиясына өтiнiш жасайды, олар оған құжаттардың расталған көшiрмелерiн бередi. Салымшы (алушы) алған төлем құжаттарының көшiрмелерiн өтiнiшпен қоса Орталыққа жібередi. Мұрағат мекемелерінде төлем құжаттары болмаған кезде салымшы (алушы) аударылған міндетті зейнетақы жарналары жөнінде тиісті мәліметтер алу үшін жазбаша өтінішпен және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен Орталыққа жүгінеді. ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2006.23.11. № 1116 (2007.01.01. қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара); 2007.30.04. № 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.28.12. № 1343 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.31.12. № 1350 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 15-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 15. Салымшының (алушының) деректемелерінде міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды аудару кезінде жіберілген қателер анықталған жағдайда салымшы (алушы) Орталыққа қатені түзеу туралы өтініш береді. Өтінішке агент осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салымшы (алушы) өтініш жасаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беретін анықтама-растама немесе салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын, деректемелерінде болған өзгерістерді растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |