Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау және мемлекет кепілгерліктерін беру немесе лимит көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы (2012.10.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 4 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 155-4, 158 және 230-баптарына және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидасы; 2) Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасы; 3) Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидасы; 4) Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе лимит көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидасы бекітілсін. 2. «Концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстарды беру, қарау және іріктеу мен концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 қазандағы № 921 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 40, 436-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 1343 қаулысымен бекітілген
Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидасы
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|