Осы редакция 2013 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысымен бекітілген
(2013.26.08. берілген өзгерістермен)
1. «Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылауды автоматтандыру және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметтерін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 32-2-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 қаулысымен бекітілген кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtс.gov.kz («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде); 2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz; 3) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде; 4) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу куәлігін беру (бұдан әрі - куәлік) немесе куәлікке қосымша парақ, куәліктің телнұсқасын не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы қағаз тасымалдағышта дәлелді жауапты беру болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|