Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде ілеспе газды инвесторларға берудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Осы редакция 2013 жылғы 13 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде ілеспе газды инвесторларға берудің қағидалары мен шарттары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 913 қаулысымен бекітілген
Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде ілеспе газды инвесторларға берудің қағидалары мен шарттары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде ілеспе газды инвесторларға берудің қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді. 2. Қағидалар газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде ілеспе газды (бұдан әрі - ілеспе газ) инвесторларға беру тәртібі мен шарттарын белгілейді. 3. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің мақсаты мемлекетке тиесілі ілеспе газды ұтымды пайдалануды және оны кейіннен терең өңдеуді және өзара қолайлы шарттарда қосылған құны жоғары өнімдер өндіруді қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық және әлеуметтік міндеттерді шешу үшін мемлекет пен инвестор арасындағы тиімді өзара іс-қимылға қол жеткізу болып табылады. 4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен ұғымдар Заңға сәйкес қолданылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|