Биоотын өндірісі саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында тексеру парағының нысанын бекіту туралы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-1/676 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 602 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 13) тармақшасын және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қоса беріліп отырған Биоотын өндірісі саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында тексеру парағының нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен соң ресми жариялануын; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. «Биоотын өндірісі саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 776 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 255 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6729 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде, 2011 жылғы 31 наурыздағы № 116-119 (26521), Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2011 жылғы 10 наурыздағы № 2 жарияланған) күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|