Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерінің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 622 Қаулысымен күші жойылды
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 31-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерінің тізбесі; 2) Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерінің нысандары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 1391 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерінің тізбесі
1. «Қауіпсіздік мәселелері бойынша барлық теңізшілерге арналған бастапқы даярлау мен нұсқау»; 2. «Құтқару қайықшалары мен салдар және шапшаң кезекші қайықшаларды қоса алғанда, кезекші қайықшалар бойынша маман»; 3. «Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес»; 4. «Кемеде алғашқы медициналық көмек көрсету»; 5. «Кемедегі медициналық күтім»; 6. «Командалық құрамның кемені қорғауға жауапты адамдарын даярлау»; 7. «Күзетуге қатысты мәселелер бойынша барлық теңізшілерге арналған даярлау немесе нұсқау»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|