Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау ережелерін бекіту туралы (2007.23.07. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2013 жылғы 3 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау ережелері бекітілсін. 2. Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мәдениет мәселелеріне жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 110 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау ережелері «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес әзірленген және мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттаудан өткізудің тәртібін айқындайды. 2. Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау - мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім. 3. Аттестаттау бұған дейінгі аттестаттау мерзімі біткеннен кейін әрбір үш жыл өткен сайын, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап кемінде бір жыл өткеннен кейін өткізіледі. 4. Қызметкердің иеленіп отырған лауазымы бойынша санатын көтеру мақсатында мерзімінен бұрын аттестаттау жөніндегі өтініші негізінде мерзімінен бұрын аттестаттау өткізілуі мүмкін. республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметкерлері үшін - мәдениет саласындағы уәкілетті орган; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|