Қазақстан Республикасының (2012.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 13 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң халықаралық және ұлттық қауіпсіздік мүддесіне орай қару-жараққа, әскери техникаға, ядролық және арнайы ядролық емес материалдарға, әскери мақсаттағы өнімге, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологияларға, оларды өндіру мен пайдалануға байланысты шикізатқа, материалдарға, жабдықтарға, технологияларға, ғылыми-техникалық ақпарат пен көрсетілетін қызметтерге экспорттық бақылауды жүзеге асырудың және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимін нығайтудың негіздері мен тәртібін белгілейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар - азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бірақ қару-жарақ, әскери техника мен оқ-дәрілер, оның ішінде жаппай қырып-жоятын қару мен жеткізу құралдарын өндіру үшін қолданылуы мүмкін жабдықтар, материалдар, шикізат, технологиялар мен ғылыми-техникалық ақпарат; 2) жаппай қырып-жоятын қару - химиялық, бактериологиялық (биологиялық), радиологиялық, ядролық және уытты қару; 3) жеткізу құралдары - жаппай қырып-жоятын қаруды жеткізуге қабілетті зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары (500 килограмнан кем емес пайдалы жүктемені 300 километрге және одан да ұзақ қашықтыққа жеткізуге қабілетті); 4) зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне құқықтар - қару-жарақпен, әскери техникамен, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлармен және технологиялармен, арнайы жабдықпен және жаппай қырып-жоятын қаруды жасауға арналған технологиямен байланысты ғылыми еңбектерге, электрондық-есептеу машиналарына арналған бағдарламаларға, карталарға, жоспарларға, эскиздерге, иллюстрациялар мен үш деңгейлі шығармаларға авторлық құқықтар, өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, интегралдық микросхема топологияларына құқықтар, ашылмаған ақпаратқа, оның ішінде «ноу-хау» өндірісінің құпияларына құқықтар; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) импорт - өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелу; 6) импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесі - импорттаушының (түпкі пайдаланушының) өнімді мәлімделген мақсаттарға пайдалану туралы, оны басқа тұлғаларға бермеу және оны уәкілетті органның келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы жазбаша сендіруі; 7) кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты) - импортталатын өнімді мәлімделген мақсаттарда пайдалану және оны сатушы елдің келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы алушы елдің құзыретті органы берген алушы елдің ресми сендіруі; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) кері импорт - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан бұрын әкетілген қазақстандық өнімнің өзгеріссіз жағдайда қайта әкелінуі; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) кері экспорт - Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген, оның аумағына бұрын әкелінген өнімді әкету не Қазақстан Республикасында шығарылған өнімді басқа мемлекеттің аумағынан үшінші елдерге әкету; 10) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары - заңдарда белгіленген құзыреті шегінде экспорттық бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары; 11) өнім - экспорттық бақылауға жататын тауарлар, технологиялар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, ақпарат; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12) өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеу - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, қазақстандық тауарларды өңдеу және өнімді кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелу мақсатында оларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге әкету және пайдалану; 13) өнімнің номенклатурасы (тізімі) - экспорттық бақылауға жататын тауарлардың, технологиялардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және ақпараттың тізбесі; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14) сыртқы экономикалық қызметке қатысушы (мәлімдеуші) - өнімнің экспортын, кері экспортын, импортын, кері импортын, транзитін және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуін жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15) транзит - өнімге кедендік бақылау жасай отырып оны Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізу; 16) тұтастай қамтитын бақылау - өнімнің номенклатурасына (тізіміне) кірмейтін өнімді бақылау; 17) уәкілетті орган - экспорттық бақылау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 18) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесі - экспорттық бақылау ережелерін сақтау мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) жүзеге асыратын ұйымдастырушылық, әкімшілік, ақпараттық және өзге де сипаттағы іс-шаралар кешені; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19) экспорт - өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан әкету; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 20) экспорттық бақылау - өнім экспортының, кері экспортының, импортының, кері импортының, транзитінің немесе өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеудің тәртібін Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары мен фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесін пайдаланатын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) іске асыруы жөніндегі осы Заңда және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген шаралар жиынтығы; 21) ядролық және арнайы ядролық емес материалдар - ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық режимнің талаптарына сәйкес осындай деп айқындалған материалдар.
2-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда белгіленгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Осы Заңның күші осы Заңның 8-бабында көрсетілген өнімнің экспортына, кері экспортына, импортына, кері импортына, транзитіне және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) қызметіне қолданылады.
4-бап. Экспорттық бақылаудың негізгі мақсаттары мен принциптері 1. Экспорттық бақылаудың негізгі мақсаттары: 1) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 2) жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимін нығайту; 3) халықаралық қатынастардың тұрақты және қауіпсіз жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесу; 4) халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, жаппай қырып-жоятын қару мен оны жеткізу құралдарының таралуын болдырмау болып табылады. 2. Экспорттық бақылаудың негізгі принциптері: 1) жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткізу құралдарын және қару-жарақ пен әскери техниканың өзге де түрлерін таратпау жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтау; 2) экспорттық бақылауды жүзеге асыруда саяси мүдделердің басымдылығы; 3) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасы бойынша ақпаратқа қолжетімділік; 4) халықаралық терроризм мен экстремизмді қолдауға жол бермеу; 5) экспорттық бақылау рәсімдері мен ережелерінің жалпыға бірдей танылған халықаралық нормалар мен практикаға сәйкестігі болып табылады.
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің экспорттық бақылау саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Yкіметі экспорттық бақылау саласында: 1) экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді; 2) Қазақстан Республикасында мемлекеттік экспорттық бақылау жүйесін қалыптастырады; 3) өнімнің экспорты мен импортын лицензиялаудың ережелерін бекітеді; 4) импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережелерін бекітеді; 5) өнімнің транзитіне рұқсат беру ережелерін бекітеді; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру ережелерін бекітеді; 7) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесіне қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді; 8) өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекітеді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 9) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 6-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті орган: 1) экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіреді; 2) экспорттық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді; 3) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып, өнімнің номенклатурасын (тізімін) әзірлейді; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) белгіленген құзыреті шегінде өнімнің экспортын, кері экспортын, импортын, кері импортын, транзитін және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуін бақылайды; 5) өнімнің экспорты мен импортын лицензиялауды жүзеге асырады; 6) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен экспорттық бақылау саласындағы шараларды әзірлейді және ынтымақтастықты жүзеге асырады; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 7) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып, қажет болған жағдайда өнімді тиеп жіберу алдындағы кезеңде және оның түпкілікті пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады; 8) кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификатын) береді; 9) өнімнің транзитіне рұқсат береді; 10) мәлімдеушілер мен мүдделі мемлекеттік органдарға тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты өнімге жатқызу туралы қорытынды береді; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11) өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат береді; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының құзыреті Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары: 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) өнімнің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізілуінің алдын алады және жолын кеседі; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) өз құзыреті шегінде өнімнің экспорты, кері экспорты, импорты, транзиті және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуі мәселелерін келіседі.
8-бап. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің түрлері Экспорттық бақылануға тиіс өнімнің түрлеріне мыналар жатады: 1) жай қару-жарақ пен әскери техника, шикізат, материалдар, арнайы жабдықтар мен технологиялар, оларды өндіруге байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер; 2) ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, жабдықтар, қондырғылар, технологиялар, иондық сәуле шығаратын көздер, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) жабдықтар және тиісті тауарлар мен технологиялар, оларды өндіруге байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер; 3) экспорттық бақылаудың халықаралық режимдерінде белгіленетін тізімдер, тізбелер бойынша химиялық қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін химикаттар, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар; 4) бактериологиялық (биологиялық) және уытты қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін ауру қоздырғыштар, олардың генетикалық жағынан өзгерген нысандары мен генетикалық материалдың фрагменттері, олардың тізімдерін, тізбелерін экспорттық бақылаудың халықаралық режимдері белгілейді; 5) зымырандық техника, қозғалтқыштар, олардың компоненттері, зымырандық техника жасау кезінде қолданылатын жабдық, материалдар мен технологиялар, олардың тізімдерін, тізбелерін экспорттық бақылаудың халықаралық режимдері белгілейді; 6) жаппай қырып-жоятын қару түрлері; 7) ғылыми-техникалық ақпарат, көрсетілетін қызметтер және әскери мақсаттағы өнімге, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологияларға байланысты зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері.
9-бап. Экспорттық бақылау және оны жүзеге асыру тәртібі 1. Экспорттық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткізу құралдарын және қару-жарақ пен әскери техниканың өзге де түрлерін таратпау жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады. 2. Өнімнің экспорты мен импорты лицензиялар негізінде жүзеге асырылады. 3. Өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 4. Қазақстан Республикасынан шығарылатын өнімнің кері экспорты уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша, кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты) негізге алына отырып жүзеге асырылады. 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген өнімнің кері экспорты өнім шығарылған елдің құзыретті органының рұқсаты бойынша жүзеге асырылады. 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының немесе басқа мемлекеттердің Қазақстан Республикасы аумағында уақытша орналасқан әскери құралымдарының қаруланымында (жарақтанымында) қолданылып жүрген жарақтарды, өнімдерді жөндеу (жаңғырту) мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу, сондай-ақ өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеу уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады. 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7. Экспорттық бақылауға жататын шикізат не өнеркәсіп өнімі үлгілерінің ең аз мөлшерін көрмелерде көрсету үшін, экспорттық бақылауға жататын, коммерциялық құндылығы жоқ осы шикізатқа не өнеркәсіп өніміне ықтимал сұранысты анықтау мақсатында зерттеулер (сертификаттау) жүргізу үшін өнімді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды орындау үшін халықаралық ұйымдардың инспекторлары іріктеп алатын сынамалар үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкету лицензиясыз жүзеге асырылады. 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8. Өнімнің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілуіне бақылау жасауды Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады. 9. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, сыртқы экономикалық мәмілелерді жүзеге асыру кезінде мәлімдеуші келісімшарт талаптарында Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының өнімнің түпкі пайдаланылуын тексеруге қол жеткізуін қамтамасыз етуді көздеуге міндетті. 10. Уәкілетті орган өнім шығарылған елдің құзыретті органы берген рұқсаттың дұрыстығын айқындауға құқылы.
10-бап. Тұтастай қамтитын бақылау 1. Тұтастай қамтитын бақылау талаптарын қамтамасыз ету мақсатында, егер сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (мәлімдеушілерге) осы өнім және зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелері шет мемлекеттің не шетелдіктердің немесе шетелдік заңды тұлғалардың жаппай қырып-жоятын қару мен жеткізу құралдарын жасау мақсаттары үшін пайдаланылатыны анық белгілі болса, оларға бұл өніммен, зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерімен сыртқы экономикалық мәмілелер жасасуға немесе оларға өзге де кез келген түрде қатысуға тыйым салынады. 2. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Заңның 8-бабының қолданылу аясына жатпайтын өніммен, зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерімен сыртқы экономикалық мәмілелерді жүзеге асыру үшін уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясын: 1) оларды Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің уәкілетті органы немесе өзге де мемлекеттік органы аталған өнім мен зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелері осы баптың бірінші тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін екендігі туралы хабардар еткен; 2) олардың аталған өнім мен зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелері осы баптың бірінші тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін деп пайымдауларына негіз болған жағдайларда алуға міндетті.
11-бап. Ұйымдардағы фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесі Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген экспорттық бақылау ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткізу құралдарын және қару-жарақ пен әскери техниканың өзге де түрлерін жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін өнімге қатысты сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде экспорттық бақылау ережелерін орындауды қамтамасыз ету, аталған салада құқық бұзушылықты болғызбау үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйелерін құрады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12-бап. Өнiмдi тиеп жiберу алдындағы кезеңде және (немесе) оның түпкiлiктi пайдаланылуын мемлекеттік бақылау 1. Өнiмдi тиеп жiберу алдындағы кезеңде және (немесе) оның түпкiлiктi пайдаланылуын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысанда жүзеге асырылады. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
13-бап. Сыртқы экономикалық мәмілелердің есебі 1. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) экспорттық бақылау мақсаттары үшін өніммен сыртқы экономикалық мәмілелердің есебін жүргізуге міндетті. 2. Өніммен, зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерімен сыртқы экономикалық мәмілелерге қатысты құжаттар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында неғұрлым ұзақ сақтау мерзімі белгіленбесе, бес жыл бойы сақталуға тиіс. 3. Экспорттық бақылау мақсаттары үшін сыртқы экономикалық мәмілелер есебінің ережелері мен нысанын уәкілетті орган айқындайды.
14-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылауға байланысты халықаралық санкцияларға қатысуы Қазақстан Республикасының бір мемлекетке немесе бірқатар мемлекеттерге қатысты экспорттық бақылауға байланысты халықаралық санкцияларға қатысуы және бұл санкциялардың қолданысқа енгізілуі Біріккен Ұлттар Ұйымы немесе басқа да халықаралық ұйымдар шешімдерінің негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады. Жекелеген жағдайларда мұндай санкцияларды Қазақстан Республикасы біржақты қолдана алады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15-бап. Өнімнің экспортын, импортын, транзитін және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуін шектеу 1. Шет мемлекеттер Қазақстан Республикасы алдында алған міндеттемелерін бұзған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдері бойынша өнімнің экспортына, импортына, транзитіне және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуіне Қазақстан Республикасының шектеулер енгізуге, оларға эмбарго белгілеуге дейін құқығы бар. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын орындау мүдделерін негізге ала отырып, өнімнің экспортына, импортына, транзитіне және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуіне шектеулер енгізілетін мемлекеттердің тізбесін белгілейді және жекелеген мемлекеттер мен ұйымдарға қатысты санкция туралы ақпаратты сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) назарына жыл сайын жариялап отырады.
16-бап. Экспорттық бақылау саласындағы ақпаратты беру жөніндегі міндеттеме 1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарынан және шет мемлекеттердің органдарынан, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан (мәлімдеушілерден) экспорттық бақылау саласына жататын қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға және алуға құқылы. 2. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары уәкілетті органнан, Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің басқа да мемлекеттік органдарынан және шет мемлекеттердің органдарынан, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан (мәлімдеушілерден) экспорттық бақылау саласына қатысты қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға және алуға құқылы. 3. Экспорттық бақылау саласындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) ұсынған құжаттар мен ақпарат тек қана экспорттық бақылау мақсатында пайдаланылады. 4. Мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын құжаттар мен ақпарат, сондай-ақ экспорттық бақылау саласындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (мәлімдеушілерге) қатысты құпия ақпаратты Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің уәкілетті органы мен мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғаларының қызметтік емес мақсаттар үшін жария етуіне, қолдануына болмайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны мемлекеттік органдарға және үшінші тұлғаларға беруге болмайды. |