«Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі саласында техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрларды даярлау жөніндегі салалық кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2013 жылғы 11 мамырдағы № 133 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес және кадрлық өзгерістерге байланысты БҰЙЫРАМЫН: 1. «Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі саласында техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрларды даярлау жөніндегі салалық кеңесті құру туралы» Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 133 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: преамбула мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 130 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2011 - 2015 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының (I кезең) 34-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»; осы бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 397бұйрығына қосымша
Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 133 бұйрығына 1-қосымша
Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі саласында техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрларды даярлау жөніндегі салалық кеңестің құрамы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|