Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында мемлекеттік тілді жеделдете оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы (2016.22.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында мемлекеттік тілді жеделдете оқытуды ұйымдастыру туралы қоса берілген нұсқаулық бекітілсін. 2. Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) комитеттерінің төрағалары, департаменттерінің және дербес басқармаларының, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің, Министрліктің ведомстволық оқу орындарының бастықтары, «Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасағының бастығы қоса беріліп отырған Нұсқаулықты жеке құрам арасында зерделеуді, оның талаптарын орындауды қамтамасыз етсін және ұйымдастырсын. 3. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында мемлекеттік тілді оқытып-үйретуді ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 479 бұйрығының күші жойылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор А.Күреңбековке және Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментіне (Н. Ораз) жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 710 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|