|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1999 жылгы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 64-құжат; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат): 174-баптың бірінші бөлігіндегі «Жұмысын қалпына келтіру», «мемлекеттік қызметшілердің» деген сөздер тиісінше «Жұмысқа қайта алу», «мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде комиссиялардың» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік кұқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат, № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № Ю, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2013 жылғы 14 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы): бірінші, алтыншы, 6-3 және сегізінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық, аукциондық құжаттамада не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпаратта сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген әлеуетті өнім берушілерге тиесілігін айқындайтын сипаттамаларға сілтеме арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарын бұзу- лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; «6. Әлеуетті өнім берушілерге және (немесе) олар тартатын қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) конкурстық не аукциондық құжаттамада Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеу - лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; «6-3. Әлеуетті өнім берушіні және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігерлерді (бірлескен орындаушыларды) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына және (немесе) конкурстық не аукциондық құжаттаманың талаптарына сай емес деп негізсіз тану - лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; «8. Мынадай: өнім берушілер өздерімен жасасылған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған; жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайларда, тапсырыс берушінің әлеуетті өнім берушілерді, өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы қуыныммен сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі - лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; ескертуде: төртінші, алтыншы, тоғызыншы және оныншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «үшінші бөлікте - тапсырыс берушінің бірінші басшысын не жауапты хатшысын немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамын не оның міндетін атқаратын адамды;»; «алтыншы бөлікте - тапсырыс берушінің бірінші басшысын не жауапты хатшысын немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамын не оның міндетін атқаратын адамды;»; «сегізінші және тоғызыншы бөліктерде - тапсырыс берушінің бірінші басшысын не жауапты хатшысын немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамын не оның міндетін атқаратын адамды; 6-3-бөлікте - конкурстық не аукциондық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық не аукциондық комиссияның мүшелерін;». 3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №21, 93-құжат; 2009 ж., №23, 112-құжат; №24, 129-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 29, 32-құжаттар; №15, 71-құжат; №24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № н, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2013 жылғы 7 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 7 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте, бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есеп-қисап кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқоры да пайдаланылады;»; 2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының көрсеткіштеріне және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте, бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есеп-қисап кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқоры да пайдаланылады;». 4. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2013 жылғы 7 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша езгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 4-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын; 7-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасыңдағы «құжаттамасын;» деген сөз «құжаттамасын бекіту үшін негіз болып табылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 2) тармақшасы алып тасталсын. 5. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., №13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 76-құжат): 1) 1-бапта: 2) тармақша «мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы» деген сөздерден кейін «, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы» деген сөздермен толықтырылсын; 9) тармақша алып тасталсын; 12) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «12) конкурстық комиссия - осы Заңда көзделген конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімін орындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы құратын алқалы орган;»; «18) мемлекеттік сатып алу - мыналарды: жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша сатып алынатын қызметтерді; кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтеулі қызметтер көрсету шарттары бойынша сатып алынатын қызметтерді; Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырманы және оны орындау шеңберінде сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді; жарналар (салымдар) енгізуді, оның ішіңде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгізуді қоспағанда, осы Заңда, соңдай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын, тапсырыс берушінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметін орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушілердің ақылы негізде сатып алуы;»; мынадай мазмұндағы 19-1), 19-2), 19-3) және 24-1) тармақшалармен толықтырылсын: «19-1) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы; 19-2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімі - әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, тиісті комиссия осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, дәйекті іс-шаралар кешені; 19-3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы - мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға не өзін құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететін құрылымдық бөлімше;»; «24-1) мемлекеттік сатып алу туралы электрондық шарт - электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған және мемлекеттік сатып алу веб-порталында жасасылатын электрондық-цифрлық нысандағы мемлекеттік сатып алу туралы шарт;»; 25), 26) және 27) тармақшалар алып тасталсын; 30) және 31) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «30) сараптама комиссиясы - сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеуге қатысу және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін, сондай-ақ тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің үздік техникалық ерекшелігін (үздік техникалық ерекшеліктерін) айқындау үшін сарапшыларды тарта отырып мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші құратын алқалы орган; 31) сарапшы - сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеуге қатысу және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін, сондай-ақ тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің үздік техникалық ерекшелігін (үздік техникалық ерекшеліктерін) айқындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы не тапсырыс беруші тартатын, өткізілетін мемлекеттік сатып алу саласында тиісті құжаттармен (дипломдармен, сертификаттармен, куәліктермен және басқа да құжаттармен) расталатын арнайы және (немесе) техникалық білімі, тәжірибесі мен біліктілігі бар жеке тұлға;»; мынадай мазмұндағы 33-1), 33-2), 33-3) және 34-1) тармақшалармен толықтырылсын: «33-1) тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқоры - мемлекеттік сатып алу веб-порталының бір бөлігі болып табылатын, мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қалыптасқан ең төменгі, орташа және ең жоғарғы бағалар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық кіші жүйе; 33-2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығы (бұдан әрі - анықтамалық) - өзінің бірегей коды бар, мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жүйеленген тізбесі; 33-3) ұлттық режим - егер мұндай режимді ұсыну туралы талап Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленсе, шетелде шығарылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің және осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді ұсынатын әлеуетті өнім берушілердің отанымызда шығарылатын тауарлармен, жұмыстармен, қызметтермен және осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді ұсынатын әлеуетті өнім берушілермен тең шарттарда мемлекеттік сатып алуға қатысуға рұқсат беруді көздейтін режим;»; «34-1) үздік техникалық ерекшелік - өз сипаттамалары бойынша тапсырыс беруші мәлімдеген техникалық және сапалық сипаттамалардан асып түсетін, тапсырыс беруші үшін қажетті сатып алынатын тауарлардың (қызметтердің) сипатын қамтитын техникалық ерекшелік;»; 2) 3-баптың тақырыбындағы «принциптері» деген сөз «қағидаттары» деген сөзбен ауыстырылып, 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) отандық тауар өндірушілерге, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілерге қолдау көрсету қағидаттарына негізделеді.»; 3) 4-бапта: 1-тармақта: мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын: «11-1) банк қызметімен байланысты қаржылық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;»; 31) және 31-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «31) мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, тиісті өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген акционерлік қоғамдардан және шаруашылық серіктестіктерінен сатып алуы; 31-1) мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес өзі оларға қатысты басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан, мұндай сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарыңда, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында көзделген жағдайларда, сатып алуы;»; мынадай мазмұндағы 31-3) тармақшамен толықтырылсын: «31-3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес өзі оларға қатысты басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан мұндай мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы бойынша сатып алуы;»; 37) және 51) тармақшалар алып тасталсын; 53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «53) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған уәкілетті ұйымның мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;»; 56) және 59) тармақшалар алып тасталсын; 64) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «64) театрдың, филармонияның, мұражайдың және мәдени-демалыс ұйымының сахналық көрсетілімдерді жүзеге асыру және көпшілік алдында өнер туындыларын орындау үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;»; мынадай мазмұндағы 65), 66) және 67) тармақшалармен толықтырылсын: «65) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі (тапсырмасы) бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тұлғадан сатып алу; 66) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган не оның ведомстволары Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы; 67) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу.»; 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу осы Заңның 3-бабының 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу қағидаты сақтала отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 3. Осы баптың 1-тармағының 5), 6), 9-1), 11-1), 13), 21-1), 21-2), 33-1), 38), 48), 53), 55), 64), 66) және 67) тармақшаларының ережелері мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.»; 4) 5-бапта: 3-тармақта: екінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) қосылған құн салығын есепке алмай, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомаларды қоса алғанда, анықтамалыққа сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы;»; үшінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 79-бабының», «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 154-бабының 2-тармағы» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 79-бабы», «Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 153-бабының 7-тармағы» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «5. Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.»; 7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тиісті бюджет бекітілгенге дейін екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізетін жағдайда ғана қабылдауға құқылы.»; 5) 7-бапта: 3-тармақ алып тасталсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Бірыңғай мемлекеттік сатып алуды өткізу мақсатында: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындайды. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын бюджеттік бағдарламалардың және (немесе) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша орындайды; 2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі бірнеше тапсырыс беруші үшін олардың арасынан мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындауға құқылы; 3) тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме немесе онымен үлестес тұлғалар үшін тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |