<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Русский
Казахский и русский
Английский
Казахский и английский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303-III Заңы (2015.12.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Мемлекеттік сатып алу туралы

(2015.12.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңымен 2016 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

1-тарау. Жалпы ережелер

(1-12 баптар)

 

2-тарау. Мемлекеттік сатып алу жүйесін мемлекеттік реттеу

(13-15 баптар)

 

3-тарау. Конкурс тәсілімен  мемлекеттік сатып алу

(16-29 баптар)

 

4-тарау. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу

(30-31 баптар)

 

5-тарау. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу

(32-34 баптар)

 

  • Показать изменения

6-тарау. Аукцион тәсілімен және тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алу

(35-36 баптар)

 

7-тарау. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт

(37-40 баптар)

 

  • Показать изменения

8-тарау. Арнайы ережелер

(41-44-1-баптар)

 

9-тарау. Қорытынды ережелер

(45-48 баптар)

 

Түпнұсқада мазмұны жоқ  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2009.10.07 № 178-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «веб-сайттарда», «веб-сайттың», «веб-сайты», «веб-сайтында», «веб-сайтта», «веб-сайт», «Веб-сайтта», «веб-сайтынан», «веб-сайтын» деген сөздер тиісінше «интернет-ресурстарда», «интернет-ресурстың», «интернет-ресурсы», «интернет-ресурсында», «интернет-ресурста», «интернет-ресурс», «Интернет-ресурста», «интернет-ресурсынан», «интернет-ресурсын» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

2009.04.05. № 156-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ашық тауар биржалары» деген сөздер «тауар биржалары» деген сөздермен ауыстырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

Осы Заң мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілерінің арасында мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті олардың жүзеге асыруы процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Жалпы ережелер

 

 

2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.05.05 № 158-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

  • Показать изменения

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) аукцион адымы - аукцион нысанасының бағасы төмендетілетін ақшалай аралық;

2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) аукциондық комиссия - осы Заңда көзделген аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімін орындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы құратын алқалы орган;

3) аукциондық құжаттама - аукционға қатысуға өтінімді дайындау үшін әлеуетті өнім берушіге берілетін құжаттама, онда аукционға қатысуға өтінімге қойылатын талаптар, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізудің шарттары мен тәртібі қамтылады;

4) әлеуетті өнім беруші - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда әлеуеттi өнiм берушi болуы мүмкiн;

  • Показать изменения

5) әлеуетті өнім берушінiң үлестес тұлғасы - аталған әлеуеттi өнiм берушiнiң шешiмдерiн айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде жазбаша нысанда жасалған мәмiленiң күшiне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты аталған әлеуеттi өнiм берушiнiң осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;

  • Показать изменения

6) бiртектi тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер - бiрдей болмаса да, белгiлi бiр функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдас бөлiктерден тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер;

  • Показать изменения

7) дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың үлестес тұлғалары - дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларға дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі болатын заңды тұлғалар. Жанама тиесілілік әрбір келесі үлестес тұлғаға өзге заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызының тиесілі болатынын білдіреді;

  • Показать изменения

8) демпингтiк баға - конкурсқа қатысушының жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге ұсынған бағасы, ол мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында ұқсас жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қолданылып жүрген бағалармен салыстырғанда көрiнеу төмен баға болып табылады;

  • Показать изменения

9) 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

10) жұмыстар - шикiзат кен орындарының құрылысымен, жайластырылумен байланысты, заттық нәтижесi бар қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жатқызылған өзге қызмет;

  • Показать изменения

11) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi отандық берушілер - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар және (немесе) жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету бойынша Қазақстан Республикасының жергiлiктi еңбек ресурстарының кемiнде тоқсан бес пайызын пайдаланатын, Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын заңды тұлғалар;

2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

12) конкурстық комиссия - осы Заңда көзделген конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімін орындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы құратын алқалы орган;

  • Показать изменения

13) конкурстық құжаттама - конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткізудiң шарттары мен тәртiбi қамтылатын, конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмді әзiрлеу үшiн әлеуетті өнім берушіге табыс етiлетiн құжаттама;

  • Показать изменения

14) көрсетілетін қызметтер - тапсырыс берушінің қажеттерiн қанағаттандыруға бағытталған заттық нәтижесi жоқ қызмет;

  • Показать изменения

15) Қазақстан Республикасының резиденттерi - шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына сол мемлекеттiң заңнамасына сәйкес берiлген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары, оның iшiнде шетелде уақытша жүрген немесе оның шегiнен тыс жерлерде мемлекеттiк қызметте жүрген азаматтары;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдiктер және азаматтығы жоқ тұлғалар;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және оның шегiнен тыс жерлерде орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының өз шегiнен тыс жерлердегi дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкiлдiктерi;

  • Показать изменения

16) 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

17) мемлекеттiк кәсiпорындардың үлестес тұлғалары - еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар;

2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

18) мемлекеттік сатып алу - мыналарды:

  • Показать изменения

жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша сатып алынатын қызметтерді;

кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтеулі қызметтер көрсету шарттары бойынша сатып алынатын қызметтерді;

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырманы және оны орындау шеңберінде сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді;

жарналар (салымдар) енгізуді, оның ішіңде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгізуді қоспағанда, осы Заңда, соңдай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын, тапсырыс берушінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметін орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушілердің ақылы негізде сатып алуы;

  • Показать изменения

19) мемлекеттiк сатып алу веб-порталы - электрондық мемлекеттiк сатып алудың электрондық қызмет көрсетулеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк ақпараттық жүйе;

2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 19-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

19-1) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы - бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы;

2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 19-2) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

19-2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімі - әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, тиісті комиссия осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, дәйекті іс-шаралар кешені;

2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 19-3) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

19-3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы - мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға не өзін құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететін құрылымдық бөлімше;

  • Показать изменения

20) мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - мемлекеттiк сатып алу жүйесiн реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

  • Показать изменения

21) мемлекеттiк сатып алу жүйесi - мемлекеттiк сатып алу жүйесi субъектiлерiнiң және олардың мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтi жүзеге асыру процесінде бiртұтастық және өзара байланыс арқылы айқындалатын қатынастарының жиынтығы;

  • Показать изменения

22) мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерi - мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

  • Показать изменения

23) мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызмет - мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын әзiрлеу және бекiту, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды орындау, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу саласында мамандар даярлау және (немесе) олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтер көрсету, мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерiне консультациялық, ақпараттық қызметтер көрсету;

  • Показать изменения

24) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт - осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында тапсырыс берушінiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларын не жарғылық қызметін атқару үшiн тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету туралы жасалған азаматтық-құқықтық шарт;

2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

24-1) мемлекеттік сатып алу туралы электрондық шарт - электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған және мемлекеттік сатып алу веб-порталында жасасылатын электрондық-цифрлық нысандағы мемлекеттік сатып алу туралы шарт;

2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 24-2) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

24-2) нұсқама - Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану үшін бақылау объектілеріне жіберілетін уәкілетті органның орындалуы міндетті актісі;

  • Показать изменения

25) 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

26) 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

27) 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

28) отандық тауар өндiрушiлер - Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын және:

  • Показать изменения

Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес толығымен Қазақстан Республикасында өндiрiлген тауарлар;

  • Показать изменения

Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жеткiлiктi қайта өңдеу критерийлеріне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткiлiктi қайта өңделген тауарлар өндiретiн әлеуетті өнім берушілер (бұдан әрi - отандық тауар өндiрушiлер) - жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

  • Показать изменения

29) өнім беруші - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, тапсырыс берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы жасасқан шартта оның келiсiмшарт жасаушы агентi ретiнде әрекет ететiн заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда өнiм берушi болуы мүмкiн;

2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 30) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

30) сараптама комиссиясы - сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеуге қатысу және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін, сондай-ақ тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің үздік техникалық ерекшелігін (үздік техникалық ерекшеліктерін) айқындау үшін сарапшыларды тарта отырып мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші құратын алқалы орган;

2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 31) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

31) сарапшы - сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеуге қатысу және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін, сондай-ақ тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің үздік техникалық ерекшелігін (үздік техникалық ерекшеліктерін) айқындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы не тапсырыс беруші тартатын, өткізілетін мемлекеттік сатып алу саласында тиісті құжаттармен (дипломдармен, сертификаттармен, куәліктермен және басқа да құжаттармен) расталатын арнайы және (немесе) техникалық білімі, тәжірибесі мен біліктілігі бар жеке тұлға;

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 32) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

32) тапсырыс берушілер - ұлттық басқарушы холдингтердi, ұлттық холдингтердi, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын және оларға қатысты өзі құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;

  • Показать изменения

33) тауарлар - нәрселер (заттар), оның iшiнде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәрiздес күйдегi шикiзат, электр және жылу энергиясы, шығармашылық зияткерлiк қызметтiң объектiленген нәтижелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмiлелерiн жасасуға болатын заттық құқықтар;

2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 33-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

33-1) тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқоры - мемлекеттік сатып алу веб-порталының бір бөлігі болып табылатын, мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қалыптасқан ең төменгі, орташа және ең жоғарғы бағалар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық кіші жүйе;

2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 33-2) тармақшамен толықтырылды

33-2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығы (бұдан әрі - анықтамалық) - өзінің бірегей коды бар, мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жүйеленген тізбесі;

2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 33-3) тармақшамен толықтырылды

33-3) ұлттық режим - егер мұндай режимді ұсыну туралы талап Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленсе, шетелде шығарылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің және осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді ұсынатын әлеуетті өнім берушілердің отанымызда шығарылатын тауарлармен, жұмыстармен, қызметтермен және осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді ұсынатын әлеуетті өнім берушілермен тең шарттарда мемлекеттік сатып алуға қатысуға рұқсат беруді көздейтін режим;

  • Показать изменения

34) 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 34-1) тармақшамен толықтырылды

34-1) үздік техникалық ерекшелік - өз сипаттамалары бойынша тапсырыс беруші мәлімдеген техникалық және сапалық сипаттамалардан асып түсетін, тапсырыс беруші үшін қажетті сатып алынатын тауарлардың (қызметтердің) сипатын қамтитын техникалық ерекшелік;

  • Показать изменения

35) шартты баға - конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысына конкурстық құжаттамада көзделген критерийлердiң салыстырмалы мәнiн қолдануды ескере отырып есептелген және конкурстың жеңiмпазын айқындау мақсатында конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру кезiнде ғана пайдаланылатын баға;

  • Показать изменения

36) электрондық аукцион (бұдан әрі - аукцион) - тапсырыс беруші сатып алатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер аукциондық құжаттамаға сәйкес келетін және оларға баға төмендетілген кезде айқындалған ең төмен бағаны ұсынған әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына сәйкес келетін кездегі электрондық мемлекеттік сатып алу тәсілі;

37) электрондық құжат - өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берiлген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

38) электрондық мемлекеттiк сатып алу - ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу;

  • Показать изменения

39) электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор -Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын, акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншiк иесi мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттiк сатып алу саласында бірыңғай техникалық саясатты iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3-бап. Мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу қағидаттары

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы:

1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;

2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін теңдей мүмкіндік беру;

3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;

2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4) мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы;

2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5) отандық тауар өндірушілерге, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілерге қолдау көрсету қағидаттарына негізделеді.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен  4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4-бап. Осы Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу

1. Осы Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормалары қолданылмай мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1) егер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген жалпы жылдық сома тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын болса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер, алымдар және төлемдер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

3) жедел-іздестіру қызметін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыруға уәкілетті органдардың оларды жүзеге асыру үшін:

жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға құпия түрде жәрдем көрсетуге келісім берген адамдар көрсететін қызметтерді;

қызметтік үй-жайларды, көліктік және өзге де техникалық құралдарды, мүлікті;

жасырын ұйымдар құру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

қажетті ғылыми-техникалық немесе өзге де арнайы білімі бар лауазымды адамдар мен мамандар көрсететін қызметтерді сатып алу;

4) табиғат пайдалану құқығын сатып алу;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5) стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және уәкілетті орган бекіткен тауарлар тізбесі бойынша шетелден сатып алынатын тауарларды сатып алу;

2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6) мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды кейіннен өңдеу мақсатында уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша сатып алуы;

7) өкілдік ету шығыстарына байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

8) көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің материалдарын сатып алу, сондай-ақ аталған іс-шараларға қатысқаны үшін ақы төлеу;

2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда

  • Показать изменения

9) қағаздағы және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мерзiмдi баспасөз басылымдарын сатып алу;

2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)

9-1) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты орналастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ интернет-ресурстарда орналастырылған ақпаратты беру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

10) қызметкерлерді шетелде даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

11) рейтингтiк агенттiктер көрсететiн қызметтердi, егер жеке тұлға кредиттік (банктік) ұйымды өзі анықтаса, алушылардың (жеке тұлғалардың) шоттарына жалақыны есептегені үшін қызметтер көрсету бөлігінде, сондай-ақ жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражаты бойынша операциялар бөлігінде қаржылық қызмет көрсетулерді сатып алу;

2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

11-1) банк қызметімен байланысты қаржылық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

12) зағип және көзі нашар көретін азаматтар үшін мамандандырылған кiтапханалардың қызмет көрсетулерін сатып алу;

13) лизинг қызметін жүзеге асыру кезінде тауарларды кейіннен лизингке беру үшін сатып алу;

14) заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы бағалы қағаздарды, үлестерді сатып алу;