|
|
|
Қазақстан Республикасының (2015.27.04. берілген өзгерістермен)
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат): 740-баптың 1-тармағындағы «атқарушылық іс жүргізу органдары», «қылмыстық іс жүргізу» деген сөздер тиісінше «әділет органдары», «қылмыстық-процестік» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 64-құжат; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 11, 67-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 236-бапта: екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «2. Сот шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн атқару парағы жазылады, ол өндiрiп алушыға берiледi не оның жазбаша өтiнiшi бойынша сот оны аумағы бойынша тиісті әділет органына орындау үшiн жiбередi. 2-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді Мүлік тәркіленген, мемлекет кірісіне өндіріп алынған, сондай-ақ қылмыспен келтірілген залал өндіріп алынған, алимент өндіріп алынған, тарапы мемлекет болып табылатын мертігуден немесе денсаулыққа өзге де зақым келуден, асыраушысынан айырылуынан келтірілген зиянның орны толтырылған жағдайларда сот өз бастамасымен атқарушылық құжатты аумағы бойынша тиісті әділет органына орындау үшін жібереді.»; алтыншы бөліктің бірінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: «6. Әділет органдары сот шешімі орындалған жағдайда он жұмыс күні ішінде шешім шығарған сотты бұл жайында хабардар етуге не орындаудың белгіленген процестік мерзімі өткен соң орындалмаудың себептері туралы жазбаша ақпарат беруге тиіс.»; «Сот атқарушылық құжатты аумағы бойынша тиісті әділет органына жіберген жағдайда немесе егер атқарушылық құжат өндіріп алушыға сот шешімінің орындалғаны туралы оған хабардар етілгенге дейін берілсе борышкер өндіріп алушыны хабардар етеді.»; 2) 312-4-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесін мамандандырылған қаржылық сот қаржы ұйымына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және аумақтық әділет органдарына жібереді.». 3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149- құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 2, 10, 11-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 46, 49-құжаттар; № 11, 61, 65-құжаттар; № 14, 86-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі): 1) мазмұнында: мынадай мазмұндағы 239-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «239-1-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасын бұзу»; 355-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «355-бап. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi, қаржы және әскери полиция, кеден органы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган қызметкерiнiң нұсқамаларын орындамау немесе заңды өкiмiне немесе талабына қаскөйлікпен бағынбау»; мынадай мазмұндағы 544-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «544-2-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган»; 567-1-баптың тақырыбы алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 568-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «568-1-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган»; 2) 221-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Өнеркәсiп, тау-кен және құрылыс жұмыстары салаларында не өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкiлеттi органның және басқа да мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының бақылауындағы объектiлерде жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегі белгiленген қағидаларды бұзу, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соқпаса, -»; 3) 221-1-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестiгi (сәйкес еместігі) туралы толық емес және (немесе) анық емес ақпаратты қамтитын сараптама қорытындыларын беру, өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу, қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң мамандарын, қызметкерлерін даярлаудың, қайта даярлаудың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі немесе Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестiгi (сәйкес еместігі) туралы толық емес және (немесе) анық емес ақпаратты қамтитын сараптама қорытындыларын беру, бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу -»; 4) мынадай мазмұндағы 239-1-баппен толықтырылсын: «239-1-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасын бұзу 1. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасымен өздеріне жүктелген функцияларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы - лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет - лауазымды адамдарға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 5) 294-бап мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын: «3. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың шешімдерді: қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) зиянсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырмау; арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) салмау, тиісті жай-күйде күтіп-ұстамау және ұстап тұрмау; пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензияламау түрінде жасаған уақтылы қабылдамауы - жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына ескерту жасауға әкеп соғады. 4. Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасымен өздеріне жүктелген функцияларды орындамауы - жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 5. Осы баптың төртінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) - жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 6. Уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамаларын нұсқамада белгiленген мерзiмдерде орындамау не тиiсiнше орындамау - жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 6) 307-бап мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын: «2. Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын: уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы органдардың тиісті аумақтарда карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу және оның күшін жою туралы шешімді уақтылы қабылдамауы; өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектілерінде өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуді тиісінше және уақтылы ұйымдастырмауы; карантинді объектілердің таралуының есебін тиісінше не уақтылы жүргізбеуі және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпаратты тиісінше не уақтылы бермеуі түрінде жасаған бұзушылығы - жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) - жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 4. Уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамаларын нұсқамада белгiленген мерзiмдерде орындамау не тиiсiнше орындамау - жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) - жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 7) 310-баптың жетінші және сегізінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «7. Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасымен өздеріне жүктелген функцияларды орындамауы - жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) - жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 8) 310-1-баптың бірінші бөлігінің 11) тармақшасындағы «тәртібін бұзуы түрінде жасалған бұзушылық» деген сөздер «тәртібін бұзуы» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын: «12) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасымен өздеріне жүктелген функцияларды тиісінше не уақтылы орындамауы түрінде жасалған бұзушылық -»; 9) 355-бап мынадай редакцияда жазылсын: «355-бап. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi, қаржы және әскери полиция, кеден органы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган қызметкерiнiң нұсқамаларын орындамау немесе заңды өкiмiне немесе талабына қаскөйлікпен бағынбау 1. Өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi, қаржы және әскери полиция, кеден органы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган қызметкерлерiнiң нұсқамаларын және (немесе) басқа заңды талаптарын орындамау - лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi, қаржы және әскери полиция, кеден органы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган қызметкерiнiң заңды өкiмiне немесе талабына қаскөйлікпен бағынбау, сол сияқты қорлау не оған қатысты күш көрсету әрекеттерін жасау қатерiн төндiру - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.»; 10) 544-1-бапта: бірінші бөліктің үшінші абзацы алып тасталсын; үшінші бөлік алып тасталсын; 11) мынадай мазмұндағы 544-2-баппен толықтырылсын: «544-2-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган 1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 89, 175 (екінші бөлігінде) (қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілердің иелері жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 220, 221 (бөгеттердің қауіпсіздігін қоспағанда), 221-1 (бөгеттердің қауіпсіздігін қоспағанда), 270, 271, 272 (техникалық қауіпсіздік бөлігінде), 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды; 2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның атынан өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға: 1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы - жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, лауазымды адамдарға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға; 2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары - жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - бір жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға - екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға; 3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары - жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі, лауазымды адамдарға - бір жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға - бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.»; 12) 563-бап мынадай редакцияда жазылсын: «563-бап. Жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар 1. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 120, 256, 257, 258-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органы осы Кодекстiң 118, 121, 250, 251, 252, 253, 254, 255, 256-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. 2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға: 1) Қазақстан Республикасының жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторы - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жетпіс беске дейінгі, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жеті жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға; 2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жерді пайдалану және қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жетпіс беске дейінгі, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елуге дейінгі, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жеті жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға; 3) жерді пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейінгі, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүзге дейінгі, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.»; 13) 563-2-бап мынадай редакцияда жазылсын: «563-2-бап. Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар 1. Геодезия және картография саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 121 (екінші бөлігінде), 258-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. 2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға геодезия және картография саласындағы орталық уәкілетті орган ведомствосының басшысы және оның орынбасарлары құқылы.»; 14) 567-1-бап алып тасталсын; 15) мынадай мазмұндағы 568-1-баппен толықтырылсын: «568-1-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган 1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган осы Кодекстiң 231, 236 және 239-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. 2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі орталық уәкілетті мемлекеттік орган ведомствосының басшысы және оның орынбасарлары құқылы.»; 16) 576-4-бап мынадай редакцияда жазылсын: «576-4-бап. Жергілікті атқарушы органдар 1. Облыстың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 173 (екінші және алтыншы бөліктерінде) (өзара сақтандыру қоғамдарының өсімдік шаруашылығында жасаған құқық бұзушылықтары бөлігінде), 175 (екінші бөлігінде) (өсімдік шаруашылығы өнімін өндірушілер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 309-1 (бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы бөліктерінде), 309-2 (бірінші - үшінші бөліктерінде), 309-4 (бірінші - жетінші бөліктерінде), 310 (бірінші бөліктің 2) тармақшасын (ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндіру жөніндегі ұйымдарда жасалған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 3) және 5) тармақшаларын, жетінші және сегізінші бөліктерін қоспағанда), 311-2, 311-3, 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |