Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2013 жылғы 2 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуіріндегі Заңының 167-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына, 174-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту ережесі бекітілсін. 2. «Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту ережесі бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитет Төрағасының 2010 жылғы 26 сәуіріндегі № 01-01-31/142 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6253 тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 303 бұйрығымен бекітілген
Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту ережесі
1. Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуіріндегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 167-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына, 174-бабына сәйкес әзірленді және жеке сот орындаушылары тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібін, шарттары мен мерзімін анықтайды. 2. Заңның 156-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының жоғары заңгерлік білімі бар азаматтары сот орындаушысының тағылымдамашылары бола алады. 3. Тағылымдамашылар сот орындаушысы болып кемінде үш жыл, оның ішінде жеке сот орындаушысы болып кемінде бір жыл жұмыс істеген жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өтеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|