Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ережені бекіту туралы (2014.11.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Жамбыл облысы мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 2-4 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағы 12-3) тармақшасына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ереже бекітілсін. 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік - мәдени даму, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланыс және әйелдер істері мен отбасы - демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 19-5 шешімімен бекітілген
«Жамбыл облысының (қаланың, ауданның)» Құрмет грамотасымен марапаттау туралы» ереже
1. Жалпы ереже
1. «Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен марапаттау туралы» ереже (бұдан әрі - ереже) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді. 2. Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасы (бұдан әрі - Құрмет грамотасы) мәслихат марапаты болып табылады. 3. Құрмет грамотасымен марапаттау азаматтардың көп жылғы жемісті еңбегін, олардың қабілеті мен дарынын және бастамаларын қоғамның танығандығын білдіретін аса маңызды моральдық көтермелеу болып табылады.
2. Құрмет грамотасымен марапаттау бойынша талаптар
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|