|
Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 24 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын орындау мақсатында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы М. Л. Тоқжановқа жүктелсін. 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 261 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің бекітілген
Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды. Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны - Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|