Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 шілдедегі № 594 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 1989 жылғы 22 наурыздағы Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясының хатшылығын қоса беріліп отырған Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесінің 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес бөлінген орталық ретінде тағайындалған органдар шеңберінің өзгергендігі туралы хабардар етсін.
3. «Қалдықтарды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1256 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 521-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 11 шілдедегі
№ 594 қаулысымен
бекітілген
Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының 1989 жылғы 22 наурыздағы Заңымен қосылған Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мен оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясына (бұдан әрі - Базель конвенциясы) сәйкес әзірленді және қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді, қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуді, сондай-ақ қалдықтардың оның аумағымен транзитін жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
Осы Ереже радиоактивтік қалдықтарға қолданылмайды.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) қалдықтар - Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жойылатын, жойылуға арналған және жойылуға тиіс заттарды немесе нәрселерді білдіреді;
2) бөлінген орталық - Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органы;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган - қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру мәселелері бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ оның аумақтық органдары;
4) құзыретті орган - шекаралық, көліктік және кедендік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары;
5) рециклинг - қалдықтарды қайта пайдалану;
6) қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау - мұндай тасымалдар ең болмағанда екі мемлекетке қатысты болған кезде бір мемлекеттің ұлттық заңи құзыретіндегі қауіпті немесе басқа да қалдықтарды бір ауданнан басқа мемлекеттің ұлттық заңи құзыретіндегі ауданға немесе аудан арқылы не қандай да болмасын мемлекеттің ұлттық заңи құзыретіндегі емес ауданға немесе аудан арқылы кез келген өткізу.
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
2. Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу тәртібі
3. Қалдықтарды қайта өңдеу, көму немесе сақтау мақсатында оларды әкелу олармен жұмыс істеу үшін техникалық (технологиялық) мүмкіндіктер болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
4. Қауіпті қалдықтарды пайдалану (кәдеге жарату, қайта өңдеу, рециклинг) және кему мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына әкелу мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындылары болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен жүзеге асырылады.
Трансшекаралық тасымалдануы мемлекеттік реттеуге жататын қауіпті қалдықтардың тізбесі «Кедендік одақ туралы келісімге қатысушы мемлекеттерге әкелінетін тауарларға қатысты техникалық, медициналық, фармацевтикалық, санитарлық, мал дәрігерлік, фитосанитарлық және экологиялық стандарттардың, нормалардың, ережелердің және талаптардың қолданылуының бірыңғай тәртібі туралы хаттаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қарашадағы № 1716 қаулысына № 6.2 қосымшада көзделген.
5. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағымен) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қарашадағы № 1716 қаулысына № 6.1 қосымшада келтірілген қалдықтарды әкелу (транзиттеу) жүзеге асырыла алмайды.
Өздерінің заңнамасы шеңберінде қауіпті қалдықтар импортына тыйым салған Базель конвенциясы тарапының мемлекеттеріне және дамушы елдерге не, егер осы қалдықтарды пайдалану экологиялық негізделген түрде жүзеге асырылмайды деп болжауға негіз болса, сондай-ақ оңтүстік ендіктің 60 градусынан оңтүстікке қарай орналасқан аудандарға қауіпті қалдықтарды әкету жүзеге асырыла алмайды.
6. Қазақстан Республикасының аумағынан (аумағымен) қалдықтарды әкеткен (транзиттеген) жағдайда Базель конвенциясына сәйкес аумағына қалдықтар әкелінетін мемлекеттің құзыретті органының жазбаша түрдегі келісімі болуы қажет.
7. Осы Ереженің 3 және 4-тармақтарында көрсетілген қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағынан Базель конвенциясының тарапы болып табылмайтын мемлекеттің аумағына әкету Базель конвенциясының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау кезінде жеке және заңды тұлғалар мүдделі мемлекеттерге қалдықтарды ұсынылатын трансшекаралық тасымалдауға қатысты ұсынылатын тасымалдың адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін салдарын көрсететін ақпаратты ұсынады. Мұндай ақпарат осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес қалдықтарды тасымалдау туралы хабарламада көрсетіледі.
9. Болжанып отырған қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы Қазақстан Республикасы бөлінген орталық болып табылатын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган арқылы мүдделі мемлекеттердің құзыретті органдарын жазбаша түрде хабардар етеді.
3. Қалдықтарды әкелуге арналған құжаттарды ресімдеу тәртібі
10. Өңдеу, сақтау, көму мақсатында қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін ресімдеу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - өтініш беруші) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің қолы қойылған, заңды тұлғалар үшін мөрмен куәландырылған, жеке тұлғалар үшін тұрғылықты жерін және заңды тұлғалар үшін орналасқан жерін көрсетіп, қалдықтарды әкелу туралы өтініш және қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі;
2) заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке тұлғалар үшін дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы қалдықтарды сатып алу-сату келісім-шартының (шарттың) немесе өзге иеліктен алу шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) экспорттаушы мен өндіруші немесе, егер өтініш беруші делдал болған жағдайда импорттаушы мен тауарды тұтынушы арасындағы шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) тасымалдауға арналған келісім-шарттың (шарттың) және осы қалдықтарды экологиялық қауіпсіз пайдалану келісілетін экспорттаушы мен қалдықтарды жоюға жауап беретін адам арасындағы келісім-шарттың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
6) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарлама (3 данада);
7) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалдықтарды тасымалдау туралы құжат;
8) қалдықтарды сақтау (көму) полигонының санитарлық паспорты;
9) әкелінетін қалдықтармен жұмыс істеу үшін техникалық (технологиялық) мүмкіндіктердің бар екендігі туралы ақпарат;
10) арнайы жабдықталған және арнайы белгілермен жарақтандырылған көлік құралдарының болуы;
11) төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен бекіткен және онымен келісілген ықтимал аварияларды жою жоспарының көшірмесі;
12) қызметі үшінші тұлғаларға залал келтіру қауіптілігіне байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің нотариалды куәландырылған көшірмесі.
11. Қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, сақтау, көму, рециклинг және кәдеге жарату мақсатында оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін ресімдеу үшін өтініш беруші қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, мынадай құжаттарды ұсынады:
1) мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың алдын ала алынған оң қорытындыларын, сондай-ақ әкелінетін қалдықтармен жұмыс істеу үшін техникалық (технологиялық) мүмкіндіктердің болуын ескеретін Қазақстан аумағындағы қалдықтармен жұмыс істеу бойынша қызмет жобаларына өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын;
2) міндетті экологиялық сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) қауіпті қалдықтардың паспорты;
4) қауіпті қалдықтарды тасымалдау кезінде ықтимал төтенше және авариялық жағдайларды оқшаулауға және жоюға тасымалдаушының дайындығын қамтамасыз ету бойынша растаушы құжаттар.
12. Қалдықтарды әкелуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін ресімдеу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынылған құжаттар көшірмесі құжаттардың қабылданған күні туралы белгі қойылып өтініш берушіге жіберілетін (тапсырылатын) тізімдеме бойынша қабылданады.
13. Құжаттар осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қалдықтарды әкелу туралы өтінішті алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде өтініш берушіні тасымалдауға рұқсат беруден бас тарту туралы немесе қосымша ақпарат беруге сұрау салу туралы хабардар етеді.
14. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен барлық қажетті құжаттармен қоса, қалдықтарды әкелу туралы өтініш алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қалдықтарды әкелуге рұқсат беру туралы шешімінің жобасын дайындайды.
15. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының аумағына қалдықтарды әкелуге рұқсат беру жөніндегі шешімінде мыналар көрсетіледі:
1) өтініш берушінің атауы;
2) қалдықтардың атауы, мөлшері және СЭҚ ТН бойынша коды;
3) қалдықтарды әкелу жүзеге асырылатын кезең.
4. Қалдықтарды әкелу, әкету және оларды транзиттеу кезіндегі
оларды өткізуге қойылатын талаптар
16. Әкелу, әкету және транзиттеу объектісі болып табылатын қалдықтар халықаралық талаптарға сәйкес буып-түйіледі, таңбаланады және тасымалданады.
17. Қалдықтардың өткізу кезінде Базель конвенциясына сәйкес қалдықтардың қауіптілігін жіктеу қолданылады.
18. Қазақстан Республикасында қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау кезіндегі бақылауды құзыретті органдар қамтамасыз етеді.
19. Қалдықтарды тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Қалдықтарды тасымалдағаннан кейін көлік тазартылуға, қажет болса залалсыздандыруға тиіс.
20. Тасымалдау жолында қалдықтар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша көлік жүк құжаттарымен бірге жүреді.
Тасымалдаушы қалдықтардың бағыт жоспары мен тасымалдау кестесін қалыптастырады және белгіленген тәртіппен оларды көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органмен келіседі.
21. Қалдықтарды өткізу Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілеріне сәйкес жасалған сақтандыру шартымен жабылады.
22. Қалдықтарды өткізуді жүзеге асырған кезде жүк жөнелтуші немесе тасымалдаушы жүру жолындағы ықтимал авариялық жағдайда көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы жүкке авариялық карточка әзірлейді.
23. Қалдықтарды тасымалдауға байланысты аварияның пайда болуы немесе қауіп-қатері жағдайында тасымалдаушы бұл туралы тез арада мүдделі мемлекеттердің құзыретті органдарын хабардар етеді және авария зардаптарын жою жөнінде шаралар қабылдайды.
24. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залалдың орнын толтыру Қазақстан заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
25. Қалдықтарды тиеу-түсіру жұмыстарын бақылауды тасымалдаушы не жүк жөнелтушінің (жүк алушының) жүкті бірге алып жүретін өкілі жүзеге асырады.
26. Тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізген кезде жүктің сақталуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттардың талаптары орындалады.
27. Қалдықтармен жұмыс істеуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алдын ала және мерзімді медициналық тексеруден, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқау алған тұлғалар жіберіледі.
28. Қалдықтармен жұмыс істейтін тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен, сондай-ақ санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен, емдеу-алдын алу құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Қалдықтарды әкелу, әкету
және транзиттеу ережесіне
1-қосымша
Қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарлама
1. Экспорттаушы (атауы, мекен-жайы): | 4.Хабар- лама, қатысты (1): | Хабар- лама | № |
Байланыстыратын тұлға: | Тел.: | А а) бір тасымалдауға |_| | Б в) орналас- тыру |_| |
| Факс: | б) жалпы хабарламаға (бір- неше тасымалдау) | г) пайда- лану |_| |
Экспорт себебі: | В Бұрын рұқсат алынған объект |
| |
2. Импорттаушы (атауы, мекен-жайы): | |
| |
Байланыстыратын тұлға: | Тел.: Факс: | 5. Жалпы жоспарланған жеткізу мөлшері: | 6. Қалдық- тардың болжамды мөлшері (3): кг (л) |
| 7. Жеткізу(лер)дің болжамды күндері немесе кезеңдері: |
3. Жоюға жауапты тұлға (атауы, мекен-жайы) (2): | |
Байланыстыратын тұлға: | Тел.: Факс: | |
8. Болжанатын тасымалдаушылар (атауы, мекен-жайы) (2) | 9. Орналастыру/пайдалану жөніндегі объект (атауы, мекен-жайы): |
Байланыстыратын тұлға: | Тел.: Факс: | Тел.: Факс: |
11. Қалдықтарды өндіруші (лер) | Қалдықтарды пайдалану жөніндегі іс жүзіндегі объект |
(атауы, мекен-жайы) (2): | 10. Орналастыру/пайдалану тәсілдері (2) |
Байланыстыратын тұлға: | Тел.: Факс: | D коды/R коды (4): Қолданылатын технология: |
| (егер бұл қажет болса, егжей-тегжейлерін хабарлау) |
12. Экспорттаушы және жоюға жауапты тұлға арасында жасалған келісім-шарт туралы ақпарат | 3. Жоюға жауапты тұлға экспорттаушыға немесе шығарушыға жіберетін ақпарат (кәсіпорынның техникалық сипаттауын қоса алғанда), оның негізінде соңғысы болжанатын жою экологиялық негізделген тәсілмен және импорт елінің нормаларына және ережелеріне сәйкес жүзеге асуы мүмкін болатыны туралы қорытынды жасайды: |
Қалдықтар пайда болған объект және процесс | 14. Тасымалдау түрлері (4): | 5. Буып- түю түрі (лері) (4): |
| 16. Сақтандыруға қатысты ақпарат: (тиісті сақтандыру талаптары туралы және оны экспорттаушы, тасымалдаушы және жоюға жауапты тұлға қалай қанағаттандыратыны туралы) | Сақтанды- ру шарты- ның және сақтандыру полисінің деректе- мелері: |
17. а) Қалдықтардың атауы және | 17. б) Жұмыс істеуге қойылатын | |
химиялық құрамы | арнайы талаптар: | 18. Физи- калық сипатт- амалары (4): |
19. Қалдықтардың сәйкестендіру коды | | 21.Ү нөмірі(4): |
экспорт елінде: | ҚХСҚ: | |
импорт елінде: | ҚЕК: | 22. Н нөмірі (4) |
Кедендік код: | Басқалар (нақтылау) | |
20. ЭЫДҰ жіктеуі(1): сары |_| қызыл |_| жасыл |_| | 23. а) БҰҰ-ның сәйкестендіру №: | 2 б) БҰҰ- ның сыныбы (4): |
мен нөмірі | | |
(егжей-тегжей сипаттау қоса берілсін) | | |
24. Мүдделі елдер. Құзыретті органдардың код нөмірі және әкелу мен әкетудің белгілі бір пункттері: |
Экспорт мемлекеті | Транзит мемлекеті | Импорт мемлекеті |
| | |
25. Әкелу және/немесе әкету пунктінің кеден қызметтері Әкелу | 27. Өндірушінің (экспорттаушының) өтініші: осы ақпарат толық және мендегі бар мәліметтерге сәйкес ақиқатқа сай екендігін растаймын. Сондай-ақ заңды күші бар және жазбаша нысанда жасалған келісім-шарттық міндеттемелер белгіленгендігін және қалдықтарды трансшекаралық өткізуді жабатын тиісті кепілдіктер бар екендігін растаймын. |
Әкету пункті | 26. Қосымша- лар | |
| саны | Атауы: | Қолы: |
| | Күні: | |
Құзыретті органдар толтырады |
28. Импорттаушы, транзиттеуші елдің құзыретті органы толтырады | 29. Құзыретті органның тасымалдауға берген рұқсаты: |
Хабарлама алынды: | Құзыретті органның атауы, мөрі және қолы |
Растау жіберілді: | |
Құзыретті органның атауы: | Рұқсаттың қолданылу мерзімі: дейін |
Мөрі және/немесе қолы: | Айрықша шарттар: |
| иә | | |
| | | |
| жоқ | | |
| | | |
(1) Тиісті бағанға Х-ты жазыңыз. (2) Егер атаулар бірден көп болса, тізімді қоса беріңіз. (3) Бірнеше рет тасымалдаған жағдайда егжей-тегжейлі тізімді қоса беріңіз. (4) Кодтарды артқы жағынан қараңыз. Хабарлама формулярында пайдаланылатын қысқартулардың тізімі |
Орналастыру тәсілдері (10-баған) D1. Жерде көму немесе жер бетінде орналастыру (мысалы, қоқыс тастайтын жерде, полигонда және т.б.) D2. Топырақты өңдеу (мысалы, сұйық немесе лайлы қалдықтардың топырақта биохимиялық ыдырауы және т.б.) D3. Үлкен тереңдікке жіберу (мысалы, тиісті консистенциядағы қалдықтарды ұңғымаларға, ILIH тұз күмбездеріне, табиғи резервуарларға және т.б. жіберу). D4. Жер үсті су айдындарына төгу (мысалы, сұйық немесе лайлы қалдықтарды шұңқырларға, тоғандарға немесе тұндырғыш бассейндерге және т.б. төгу). D5. Арнайы жабдықталған полигондарға орналастыру (мысалы, оқшаулаушы төсемі мен сыртқы жабыны бар, қалдықтарды бір-бірінен және қоршаған ортадан оқшаулауға кепілдік беретін бөлек ұяшықтарға орналастыру және т.б.) D6. Теңіздерден/мұхиттардан басқа, су айдындарына төгу D7. Теңіздерге/мұхиттарға төгу, оның ішінде теңіз түбіне көму D8. Осы тізімнің басқа позицияларында айтылмаған, ақырғы қосылыстардың немесе қоспалардың пайда болуына әкеліп соғатын биологиялық өңдеу, кейін D1-D12 нөмірлі операциялар жолымен жойылады. D9. Осы тізімнің басқа позицияларында айтылмаған, соңғы қосылыстардың немесе қоспалардың пайда болуына әкеліп соғатын физикалық- химиялық өңдеу, кейін D1-D12 нөмірі операциялар жолымен жойылды. D10. Құрлықта өртеу D11. Теңізде өртеу D12. Көму (мысалы, контейнерлерді шахтада көму және т.б.) D13. D1-D12 нөмірлі операциялардың кез келгені басталғанға дейін біркелкі немесе біркелкі емес қоспаларды алу D14. D1-D12 операцияларын кез келгені басталғанға дейін қайта буып-түю D15. D1-D12 операцияларының кез келгенін күткен кездегі сақтау | Пайдалану тәсілдері (10-баған) R1. Отын ретінде (тура өртеуден басқа) немесе энергия алу үшін басқа да тәсілмен пайдалану R2. Еріткіштерді қалпына келтіру/регенерациялау R3. Еріткіштер ретінде пайдаланылмайтын органикалық заттарды қалпына келтіру R4. Металдар және олардың қосылыстарын пайдалану R5. Басқа органикалық емес материалдарды пайдалану R6. Қышқылдар және негіздерді регенерациялау R7. Ластануды төмендету үшін құрауыштарды қалпына келтіру R8. Катализаторлар құрауыштарын қалпына келтіру R9. Қайталама рафинадталған немесе басқа да істен шыққан майларды пайдалану R10. Егін шаруашылығына қолайлы әсер ететін немесе экологиялық ахуалды жақсартатын топырақты өңдеу R11. R1-R10 нөмірлі кез келген операциялардан алынған қалдық өнімдерді пайдалану R12. R1-R11 нөмірлі операциялар жолымен оларды пайдалану үшін қалдықтармен алмасу R13. R1-R12 нөмірлі кез келген операциялардың көмегімен одан әрі жою үшін материал жинақтау БҰҰ-ның сыныбы мен Н нөмірі (20,21,22-бағандар) Сыныбы/Н нөмірі БҰҰ белгілеуі 1 Н1. Жарылғыш заттар 3 Н3. Өрт қаупі бар сұйықтар 4.1 Н4.1. Өрт қаупі бар қатты заттар 4.2 Н4.2. Өздігінен жануға қабілетті заттар немесе қалдықтар 4.3 Н4.3. Сумен араласқанда өрт қаупі бар газдар шығаратын заттар немесе қалдықтар 5.1 Н5.1. Тотықтырғыш заттар 5.2 Н5.2. Органикалық пероксидтер 6.1 Н6.1. Уытты (улы) заттар 6.2 Н6.2. Жұқтырғыш заттар |
Тасымалдау түрі (14-баған) | Буып-түю түрлері (15-баған) | 8 Н8. Коррозия- лы заттар |
R-автомобильді | 1. Күбі | 6. Құрама | 9 Н10. Ауамен немесе сумен қосылғанда |
Т-темір жол | 2. Ағаш | ыдыс | уытты газ бөлу |
S-теңіз | күбі | 7. Қысыммен | 9 Н11. Уытты заттар (ұзақ немесе созылмалы аурулар туғызатын) |
А-ауа | 3. Металл | толты- рылатын | |
W-ішкі су жолдарымен | канистра | сауыттар | 9 Н12. Экоуытты заттар |
| | | 9 Н13. Жойылған- нан кейін қандай да болмасын тәсілмен, мысалы сілтісіз- дендіру жолымен басқа материал- дар түзуге қабілетті заттар, бұл ретте бұл |
| 4. Жәшік | 8. Бос тиелген | материал- дар жоғарыда |
| 5. Қап | 9. Басқа- лары (көрсе- ту) | көрсетіл- ген қандай да болмасын қасиет- терді иеленеді |
Физикалық сипаттамалары (18-баған) | |
1. Ұнтақ | 5. Сұйық күйі | |
2. Қатты күйі | 6. Газ түрінде | |
3. Паста/жабысқақ күйі | 7. Басқа- лары (көрсету) | |
4. Батпақ тәрізді күйі | | |
| | |
Ү нөмірі (21-баған) Базель конвенциясының І және II қосымшаларында санамаланған қалдықтар санаттарына жатады |
|
30. Тасымалдауға рұқсат берудің ерекше шарттары
2-қосымша
Қалдықтарды тасымалдау туралы құжат
1. а) Экспорттаушы (атауы, мекен-жайы): | 4. а) Хабарламаға | 5. Жеткізудің сериялық № |
Байланыс- тыратын тұлға: | Тел.: | сәйкес № |
| Факс: | 4. б) Тасымал- дау (2) | бір жолғы хабарлама бойынша | |_| |
| | | жалпы хабарлама бойынша | |_| |
| 6. Орналастыру/пайдалану жөніндегі объект (атауы, мекен жайы) |
1. б) Қалдықтарды өндіруші (атауы, мекен-жайы) (1): | Байланыс- тыратын тұлға: | Тел.: |
Өндіріс әдісі | | Факс: |
Байланыс- тыратын тұлға: | Тел.: Факс: | 7. Орналастыру/пайдалану тәсілдері |
Қалдықтар пайда болған объект: | D коды: (3) |
| R коды: (3) |
2. Импорттаушы (атауы, мекен- жайы): | Қолданылатын технология |
Байланыс- тыратын тұлға: | Тел.: | |
Жүгінген жөн: | Факс: | |
3. Жоюға жауапты тұлға (атауы, мекен-жайы): | (егер қажет болса, егжей- тегжейлерін хабарлау) |
8. Сақтандыруға қатысты ақпарат: (тиісті сақтандыру талаптары туралы және экспорттаушы, тасымалдаушы және жоюға жауапты адам оларды қалай қанағаттандыратыны туралы) | Сақтандыру шартының және сақтандыру полисінің деректемелері: |
9.1-тасымалдаушы (атауы, мекен-жайы): | 10. 2-тасымалдаушы (атауы, мекен-жайы) (4) | 11. Соңғы тасы- малдаушы (атауы, мекен-жайы) |
Тел.: | Факс: | Тел.: | Факс: | Тел.: | Факс: |
12. Тасымалдау түрі (3): | 13. Тасымалдау түрі (3): | 14. Тасымалдау түрі (3): |
| | |
Жүкті тиеу күні/орны: | Жүкті тиеу күні/ орны: | Жүкті тиеу күні/ орны: |
Тасымалдаушы өкілінің қолы | Тасымалдаушы өкілінің қолы | Тасымалдаушы өкілінің қолы |
15. Қалдықтардың атауы және химиялық құрамы | 16. Физикалық сипаттамалары (3) |
| |
| 17. Нақты мөлшері кг | 18. Буып- түю түрі (лері) (3): |
19. Қалдықтардың сәйкестендіру коды | | |
| ҚХСҚ коды: | | |
экспорт елінде | ҚЕК: | | |
импорт елінде | басқалары (көрсету) | | |
Кедендік код | 21. БҰҰ-ның жіктеуі: |
| БҰҰ жүгінің атауы: |
20. ЭЫДҰ жіктеуі (2) | қызыл |_| | БҰҰ-ның нөмірі: | БҰҰ-ның сыныбы (3): |
сары |_| | | |
| | Н нөмірі (3): |
жасыл |_| | және нөмірі | | |
(егжей-тегжейлерін хабарлау) | | | Ү нөмірі: |
22. Жұмыс істеуге қойылатын арнайы талаптар | 23. Экспорттаушының (өндірушінің) өтініші: жоғарыда келтірілген 1-9 және 13-21-бағандардағы ақпарат толық және менде бар мәліметтерге сәйкес ақиқатқа сай екендігін растаймын. Сондай-ақ заңды күші бар және жазбаша нысанда жасалған келісім-шарттық міндеттемелер белгіленгендігін, қалдықтарды трансшекаралық өткізуді жабатын тиісті кепілдіктер бар екендігін, Базель конвенциясының тараптары болып табылатын барлық мүдделі мемлекеттердің құзыретті органдарының тарапының қарсылығы алынбағандығын растаймын |
24. Іс жүзіндегі жөнелту күні | |
| |
| Күні: | Қолы: |
| Атауы: |
Орналастыру/пайдалану жөніндегі алушы/объект толтырады |
25. Жеткізілімді алушы алды (егер бұл орналастыру/пайдалану объектісі болмаса) | 27. Жоғарыда сипатталған қалдықтарды орналастыру/ пайдалану жүргізілгендігін растаймын |
Алынған саны: | кг (л) | қабылданды | |_| | |
Күні: | | бас тарту (5) | |_| | Күні: |
Атауы: | Қолы | | | |
| Атауы: |
26. Жеткізілім орналастыру/пайдалану объектісінде алынды: | |
Алынған саны: | кг (л) | қабылдан- ды (5) | |_| | Қолы және мөрі: |
Күні: | | бас тарту | |_| | |
Атауы: | Қолы | |
Болжамды орналастыру/пайдалану күні: | |
Орналастыру/пайдалану әдісі | |
Қалдықтарды жоюға жауапты тұлға толтырады |
28. Жеткізілімді қалдықтарды жоюға жауапты тұлға алды: | 29. Жоғарыда сипатталған қалдықтарды жою жүргізілетін- дігін растаймын: |
Алынған саны: | кг (л) | қабылдан- ды | |_| | |
Күні: | | бас тарту (5) | |_| | Күні: |
Атауы: | Қолы | | | |
| Атауы: |
30. Жүк қалдықтарды жою объектісінде алынды: | |
Алынған сан: | кг (л) | қабылдан- ды | |_| | Қолы мен мөрі: |
Күні: | | бас тарту (5) | |_| | |
Атауы: | Қолы | |
Болжамды жою күні: | Жою орнының іс жүзіндегі орналасуы: |
Жою әдісі | | |
(1) Егер атаулар бірден көп болса, тізімді қоса беріңіз. (2) Тиісті бағанға Х-ты жазыңыз. (3) Кодтарды артқы жағынан қараңыз. (4) Үштен астам тасымалдаушы қатысқан жағдайда, 9-14-бағандарда көрсетілген толық ақпаратты қоса беріңіз. (5) Құзыретті органға дереу жүгіну. Тасымалдау туралы құжатта пайдаланылатын қысқартулар тізімі |
Орналастыру тәсілдері (7-баған) D1. Жерде көму немесе жер бетінде орналастыру (мысалы, қоқыс тастайтын жерде, полигонда және т.б.) D2. Топырақты өңдеу (мысалы, сұйық немесе лайлы қалдықтардың топырақта биохимиялық ыдырауы және т.б.) D3. Үлкен тереңдікке жіберу (мысалы, тиісті консистенциядағы қалдықтарды ұңғымаларға, ILIH тұз күмбездеріне, табиғи резервуарларға және т.б. жіберу). D4. Жер үсті су айдындарына төгу (мысалы, сұйық немесе лайлы қалдықтарды шұңқырларға, тоған- дарға немесе тұндырғыш бассейн- дерге және т.б. төгу) D5. Арнайы жабдықталған полигондарға орналастыру (мысалы, оқшаулаушы төсемі мен сыртқы жабыны бар, қалдықтарды бір-бірінен және қоршаған ортадан оқшаулауға кепілдік беретін бөлек ұяшықтарға орналастыру және т.б.) D6. Теңіздерден/мұхиттардан басқа, су айдындарына төгу D7. Теңіздерге/мұхиттарға төгу, оның ішінде теңіз түбіне көму D8. Осы тізімнің басқа позицияларында айтылмаған, ақырғы қосылыстардың немесе қоспалардың пайда болуына әкеліп соғатын биологиялық өңдеу, кейін D1-D12 нөмірлі операциялар жолымен жойылады. | Пайдалану тәсілдері (7-баған) R1. Отын ретінде (тура өртеуден басқа) немесе энергия алу үшін басқа да тәсілмен пайдалану R2. Еріткіштерді қалпына келтіру/регенерациялау R3. Еріткіштер ретінде пайдаланылмайтын органикалық заттарды қалпына келтіру R4. Металдар және олардың қосылыстарын пайдалану R5. Басқа органикалық емес материалдарды пайдалану R6. Қышқылдар және негіздерді регенерациялау R7. Ластануды төмендету үшін құрауыштарды қалпына келтіру R8. Катализаторлар құрауыштарын қалпына келтіру R9. Қайталама рафинадталған немесе басқа да істен шыққан майларды пайдалану R10. Егін шаруашылығына қолайлы әсер ететін немесе экологиялық ахуалды жақсартатын топырақты өңдеу R11. R1-R10 нөмірлі кез келген операциялардан алынған қалдық өнімдерді пайдалану R12. R1-R11 нөмірлі операциялар жолымен оларды пайдалану үшін қалдықтармен алмасу R13. R1-R12 нөмірлі кез келген операциялардың көмегімен одан әрі жою үшін материал жинақтау |
D9. Осы тізімнің басқа позицияларында айтылмаған, соңғы қосылыстардың немесе қоспалардың пайда болуына әкеліп соғатын физикалық-химиялық өңдеу, кейін D1-D12 нөмірлі операциялар жолымен жойылады. D10. Құрлықта өртеу D11. Теңізде өртеу D12. Көму (мысалы, контейнерлерді шахтада көму және т.б.) D13. D1-D12 нөмірлі операциялардың кез келгені басталғанға дейін біркелкі немесе біркелкі емес қоспаларды алу D14. D1-D12 операцияларын кез келгені басталғанға дейін қайта буып-түю D15. D1-D12 операцияларының кез келгенін күткен кездегі сақтау | БҰҰ-ның сыныбы мен Н нөмірі (20, 21, 22-бағандар) Сыныбы/Н нөмірі БҰҰ белгілеуі 1 Н1. Жарылғыш заттар 3 Н3. Өрт қаупі бар сұйықтар 4.1 Н4.1. Өрт қаупі бар қатты заттар 4.2 Н4.2. Өздігінен жануға қабілетті заттар немесе қалдықтар 4.3 Н4.3. Сумен араласқанда өрт қаупі бар газдар шығаратын заттар немесе қалдықтар 5.1 Н5.1. Тотықтырғыш заттар 5.2 Н5.2. Органикалық пероксидтер 6.1 Н6.1. Уытты (улы) заттар 6.2 Н6.2. Жұқтырғыш заттар |
Тасымалдау түрі (14-баған) | Буып-түю түрлері (15-баған) | 8 Н8. Коррозиялы заттар |
R-автомобильді | 1. Күбі | 6. Құрама | 9 Н10. Ауамен немесе сумен қосылғанда |
Т-темір жол | 2. Ағаш | ыдыс | уытты газ бөлу |
S-теңіз | күбі | 7. Қысым- мен | 9 Н11. Уытты заттар (ұзақ немесе созылмалы аурулар туғызатын) |
А-ауа | 3. Металл | толтыры- латын | |
W-ішкі су жолдарымен | канистра | сауыттар | 9 Н12. Экоуытты заттар |
| | | 9 Н13. Жойылғаннан кейін қандай да болмасын тәсілмен, мысалы сілтісіздендіру жолымен басқа материалдар түзуге қабілетті заттар, бұл ретте бұл |
| 4. Жәшік | 8. Бос тиелген | материалдар жоғарыда |
| 5. Қап | 9. Басқа- лары (көрсету) | көрсетілген қандай да болмасын қасиеттерді иеленеді |
Физикалық сипаттамалары (18-баған) | |
1. Ұнтақ | 5. Сұйық күйі | |
2. Қатты күйі | 6. Газ түрінде | |
3. Паста/жабысқақ күйі | 7. Басқалары (көрсету) | |
4. Батпақ тәрізді күйі | | |
|
31. Экспорттау/жіберу елі немесе шыққан жердегі кедендік қызмет | 32. Транзит елдерінің кеден қызметтерінің мөрлері |
| Елдің атауы | Елдің атауы |
Жоғарыда көрсетілген қалдықтар елден шығарылды: | Әкелу орны | Әкету орны | Әкелу орны | Әкету орны |
Мөрі: | | | | |
Қолы: | | | | |
33. Импортталған/ тағайындалған елі | Елдің атауы | Елдің атауы |
Көрсетілген қалдықтар елге әкелінді: | Әкелу орны | Әкету орны | Әкелу орны | Әкету орны |
Мөрі: | | | | |
Қолы: | | | | |