Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы (2013.24.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 7 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен кiрiспе өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі, «Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі, «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 16.01.03 ж. № 30 (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 30.01.2007 ж. № 71 (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1312 (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдалану қағидалары; 2) Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидалары бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын, жол ғимараттарын пайдалану Ережесін және оларды қорғау тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 сәуірдегі № 316 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 13, 160-құжат) күші жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 Қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдалану
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен 1-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Осы Тәртіп жол қозғалысының қауіпсіздігін, жол мен құрылыстардың, сондай-ақ қоршаған ортаның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын пайдаланудың тәртібін белгілейді. ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жүру - қолданылып жүрген заңдар, Жол қозғалысының ережесі және осы тәртіп сақтала отырып жүзеге асырылуы тиіс. ҚР Үкіметінің 2012.14.12. № 1607 Қаулысымен 4-1-тармақпен толықтырылды 4-1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) паспорт - сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі мен жол сервисі объектісі нақты жай-күйінің автомобиль жолдары саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжат; 2) техникалық шарт - автомобиль жолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігін және жол ғимараттарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды жүргізу кезінде орындалуға жататын нормативтік техникалық талаптарды белгілейтін құжат.
2. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері
ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда 5. Жол қозғалысына қатысушылардың: 1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Қағидаларға сәйкес жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша еркін, кедергісіз жүруге; 2) жол органы мен әкімшілік полициясы бөлімшелерінің лауазымды адамдарынан жолдар бойынша қозғалыстың тоқтатылуының немесе шектелуінің себептері туралы түсіндірме алуға; 3) жүру шарттары, көрсетілетін қызметтер туралы, жол органының жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі туралы толық және дұрыс ақпарат алуға; 4) жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, оқиға болған жерде, сол сияқты медициналық мекемеге бара жатқан жолда кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемін, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы кезінде жол органынан, әкімшілік полицияның бөлімшелерінен және қызметі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты лауазымды адамдардан басқа да қажетті дәрігерге дейінгі көмек алуға; 5) жол-көлік оқиғасының нәтижесінде көлік құралы және (немесе) жүк зақымданған жағдайларда заңнамада белгіленген тәртіппен залалдың өтелуіне; 6) жол органы лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқығы бар. 6. Автомобиль жолдарында жол мен құрылыстарының сақталуын және олармен қауіпсіз жүруді қамтамасыз ететін көлік құралдарының жүруіне рұқсат етіледі. 7. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың іс-әрекеттері жол қозғалысының қауіпсіздігін төмендетпеуі, қозғалыста үзілістердің пайда болуына ықпал етпеуі, көлік құралдары жылдамдығының, жол мен жол құрылыстарының сенімділігінің төмендеуіне, олардың бұзылуына әкеп соқтырмауы тиіс. ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда 8. Автомобиль жолдарындағы және жол құрылыстарындағы қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақауларды байқаған көлік құралдарын жүргізушілер мен азаматтар ақауларды өз күштерімен жою бойынша қолдарынан келетін шаралар қабылдауға немесе ол туралы жол органына немесе әкімшілік полицияның бөлімшесіне дереу хабарлауға тиіс. ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9. Көлік құралдарының төсемі жетілдірілген жолға шығар жерде оны пайдалануға жауапты лауазымды немесе басқа тұлғалар, меншік нысандарына қарамастан жер және құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан ұйымдар, көлік құралдарының балшықтан тазартылуын қамтамасыз етеді және оның жолдың жүру бөлігіне түсуіне жол бермейді. ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 10. ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен 10-1-тармақпен толықтырылды 10-1. Концессияға берілген автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін қоса алғанда, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының мұқтажы үшін жерді техникалық жоба негізінде жерді жол органына тұрақты пайдалануға беру, жолды салу, қайта жаңарту және жөндеу кезінде қызметтерді жеткізушілерге уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдаған орган бөледі. Тұрақты жер пайдалануға жерлер автомобиль жолдарына, автомобиль көлігінің объектілеріне және жол шаруашылығы, жер үсті және жер асты ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғыларды жөндеу, дамыту объектілеріне, сондай-ақ автомобиль жолдарының жолақ бөліктерін белгілеу үшін беріледі. Қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) уақытша жер пайдалануға жер құрылыс материалдары карьерлерін, резервтерді, құрылыс жасақтарының базаларын игеруге, айналма жолдарға, жол-құрылыс материалдарын жинауға арналған орындарға беріледі. Уақытша жер пайдалану мерзімі автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен техникалық жобада көзделген мерзімді ескере отырып анықталады. ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен 10-2-тармақпен толықтырылды 10-2. Автомобиль жолдарының бойында сәндік және қардан қорғайтын екпе ағаштарды (шарбақтар) орналастырған кезде жер төсемі жиегінен жолдың барлық санаттары үшін қашықтық қар түсу көлеміне байланысты қабылданады. ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.14.12. № 1607 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 11-тармақ жаңа редакцияда 11. Жолдарда жұмыс жүргізуге автомобиль жолдарын басқарушы немесе осы Қағидаларда көзделген жағдайларда әкімшілік полицияның бөлімшелері берген жұмыс жүргізу құқығына рұқсат (ордер) болған кезде ғана жол беріледі. Автомобиль жолдарын басқарушылар тиісті рұқсатты (ордерді) берген кезде жұмыс жүргізу басталғанға дейін үш жұмыс күні бұрын әкімшілік полицияның бөлімшелерін хабардар етеді.
3. Автомобиль жолдарын пайдаланушыларға арналған міндетті келісулер
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.14.12. № 1607 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 12. Автомобиль жолдарын пайдаланушылар: 1) жол органымен: ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының жүруіне; автомобиль жолдарының арналардың, байланыс және электр беру желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және темір жолдардың және басқа да инженерлік желілер мен коммуникациялардың кесіп өтуіне; автомобиль жолдарының жол бойындағы жолағында қонақ үйлерді, мотельдерді, кемпингтерді, автомобильдерге жанармай құю станцияларын, техникалық қызмет көрсету станцияларын, тамақтану және сауда пункттерін орналастыруға; автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орнатуға; жүктерді тиеу және түсіру үшін жолдан түсу орындары мен алаңдар жасауға; автомобиль жолдарында көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүруіне кедергі келтіретін кез келген жұмыстарды жүргізуге; автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде және жол бойындағы бөлігінде сыртқы жарық түсіру тіреулерін орнатуға; ескерткіштер қоюға, шарбақтарды, сәндік ағаштарды отырғызуға; жалпы пайдаланымдағы жолаушы көлік құралдары қозғалысының маршруттарын ашуға және аялдама пункттерін орналастыруға; 2) әкімшілік полицияның бөлімшелерімен: автомобиль жолдарында бұқаралық және спорттық іс-шараларды өткізуге келісімдер жүргізеді. ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен 12-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.16.10. № 1315 Қаулысымен 12-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.14.12. № 1607 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 12-1-тармақ жаңа редакцияда 12-1. Жол органы өтініш берілген сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілетін автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орнатуды келісуді қоспағанда, жеті жұмыс күнінен кешіктірмей келісуді жүргізеді (техникалық шарттар мен паспорттар беруді жүзеге асырады). Әкімшілік полицияның бөлімшелері келісуді жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді. ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 13. Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерінің ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша жүруі көлiк саласындағы уәкілеттi орган беретін арнайы рұқсат бойынша (шетел мемлекеттері үшін кіру және шығу рұқсатынан басқа) ғана жүзеге асырылады. Жолмен жүру осы көлік құралдарының жүруі арқылы жолдарға және жол құрылыстарына тигізетін залал үшін толық өтем төленген соң жүзеге асырылады. Осы өтем кіруіне, шығуына және транзитпен өтуіне халықаралық рұқсаттар үшін алынатын төлем есепке алынбастан төленеді. ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1312 Қаулысымен (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 14-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.14.12. № 1607 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ жаңа редакцияда 14. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін, Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 15. Жол органының жұмыс жобасын бұзып жүзеге асырылатын объектілердің құрылысын тоқтатуға құқығы бар. ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ жаңа редакцияда 16. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінің жерлері жол органының немесе концессионердің иелігінде және пайдалануында болады әрі автомобиль жолдарын дамытуға, абаттандыруға ғана арналған. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары жолақ бөлігінің жол органы немесе концессионер пайдаланбайтын жер учаскелерін: 1) жалпы пайдаланымдағы халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде - автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган; 2) жалпы пайдаланымдағы облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде - облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы жолдың көліктік-пайдаланылу сапасының төмендеуіне жол бермеу, көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігі мен қоршаған органы қорғау талаптарын сақтау шартымен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін жеке және заңды тұлғаларға қысқа мерзімді уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін. ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 17. ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 18. ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 19-тармақ жаңа редакцияда 19. Барлық санаттағы жолдар үшін қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, техникалық қызмет көрсету станциялары, тамақтану және сауда пункттері жол органымен келісілгеннен кейін жер төсемінің жиегінен 50 м-ден жақын емес қашықтықта жобаланады және орналастырылады. Жол органымен келісілгеннен кейін таяу жердегі автомобильге жанармай құю станциялары барлық санаттар үшін жер төсемінің жиегінен 25 м-ден жақын емес қашықтықта жобаланады және орналастырылады. Автомобильге жанармай құю станциясының аумағына кіру және одан шығу, сондай-ақ тамақтану және сауда пункттеріне және басқаларына кіреберіс жолдар көлік пен жүргіншілер қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына жауап беруі тиіс. 20. Ескерткіштерді I-III санатты автомобиль жолдары топырақ төсемінің жиегінен кемінде 100 метр қашықтыққа, ал IV-V санатты автомобиль жолдары топырақ төсемінің жиегінен кемінде 50 метр қашықтыққа орналастыруға рұқсат етіледі. 21. Жаңадан құрылатын бағбандар серіктестіктерін I-III санатты автомобиль жолдары топырақ төсемінің жиегінен кем дегенде 50 м және IV-V санаттағылар үшін - кемінде 25 м қашықтыққа орналастыруға рұқсат етіледі. ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 22. Автомобиль жолдарының бойына инженерлік коммуникациялар төсеу елді мекендерде автомобиль жолдары топырақ төсемінің жиегінен кемінде 25 метр жерде және олардың шегінен тыс жерлерде кемінде 50 метр жерде жүргізілуі тиіс. Коммуникацияларды төсеу кезінде жолдар мен жол құрылыстарын қалпына келтіру жұмыстары жұмысты орындаушы ұйымның қаражаты мен материалдарының есебінен жүргізіледі. Оларды не жол органдары, не инженерлік коммуникацияларды төсеу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырушы ұйым жүзеге асырады. Автомобиль жолдарын қайта жаңарту кезінде жол бойындағы жолақта орналасқан және орын ауыстыруға жататын коммуникациялар қайта жаңарту жөніндегі жұмыстарды орындаушы ұйымның қаражаты есебінен жайластырылады. ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен 23-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.14.12. № 1607 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.10.06. № 591 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 23-тармақ өзгертілді 23. Жол органынан инженерлік коммуникацияларды төсеуге рұқсат алу үшін осы жұмыстарды жүргізетін ұйым: 1) осы Тәртіпке 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтінішті; 2) белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген жобалау құжаттамасын; 3) жол белгілері мен қоршауларды және жұмыс жүргізілетін орындардың схемасын; 4) жұмыстарды жүргізудің күнтізбелік кестесін; 5) инженерлік коммуникацияларды төсеу жұмыстарын жүргізетін ұйымның өкілі жүгінген кезде - уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжатты ұсынады. Жұмыстарды елді мекендердің шекарасында жүргізу болжанған жағдайларда жергілікті атқарушы органдарының рұқсаты да қажет. ҚР Үкіметінің 2012.16.10. № 1315 Қаулысымен 23-1-тармақпен толықтырылды 23-1. ҚР Үкіметінің 2013.10.06. № 591 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2012.16.10. № 1315 Қаулысымен 23-2-тармақпен толықтырылды 23-2. ҚР Үкіметінің 2013.10.06. № 591 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2012.16.10. № 1315 Қаулысымен 23-3-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.10.06. № 591 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 23-3-тармақ өзгертілді 23-3. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан түсетін жерлер мен жүктерді тиеуге және түсіруге арналған алаңдар орнатуға жол органының келісімін алу үшін автомобиль жолдарын пайдаланушылар мынадай құжаттарды: 1) осы Тәртіпке 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтінішті; 2) ҚР Үкіметінің 2013.10.06. № 591 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) жұмыс жобасын; 4) автомобиль жолдарының атауын және мекенжайларын (км+м) көрсете отырып, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарға жанасу, қиылысу схемасын; 5) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына жанасуға және қиылысуға арналған белгілерді орнатудың және жұмыс жүргізілетін жерлерді қоршаудың схемасын; 6) автомобиль жолдарын пайдаланушылардың өкілі жүгінген кезде - уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжатты ұсынады. ҚР Үкіметінің 2012.16.10. № 1315 Қаулысымен 23-4-тармақпен толықтырылды 23-4. ҚР Үкіметінің 2013.10.06. № 591 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен 24-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 24. ҚР Үкіметінің 2012.14.12. № 1607 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 25-тармақ өзгертілді 25. Шұғыл авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жол органы өкілінің және автомобиль жолдарын басқарушы өкілінің қатысуымен, кейіннен осы Тәртіптің 13-тармағында белгіленген тәртіппен рұқсаттар ресімделе отырып орындалады. Жол органы өкілінің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндегі нұсқаулары міндетті болып табылады. ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен 26-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 26. Жолдарда орындалған қалпына келтіру жұмыстарын қабылдап алуды жол органы мердігер ұйымның қатысуымен жүзеге асырады және ол екі жақты актімен ресімделеді.
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда 4. Жол органы мен автомобиль жолдарын басқарушылардың автомобиль жолдарын пайдаланушыларға қатысты құқықтары мен міндеттері
ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен 27-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 27. Автомобиль жолдарын, көпірлерді, жол өтпелерін, қозғалысты ұйымдастыратын техникалық құралдарды және басқа құрылыстарды басқаруға, ұстауға және жөндеуге жауапты жол органы автомобиль жолдарында көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында: жолдар мен автомобиль жолдарындағы құрылыстардың жай-күйі туралы дұрыс ақпаратты ұйымдастыруға; жолдарды қыста ұстаудың жоспарына сәйкес қысқы кезеңде жолдарды және жол құрылыстарын қардан тазартуға және төсемнің тайғақтығына қарсы шаралар қолдануға; қозғалысқа қатысушыларды қауіпті метеорологиялық құбылыстар (тайғақ мұз, тұман, күшті жел, бұрқасын, қар көшкіні), табиғи (жер сілкінуі, сел тасқыны, су басу, көшкін, дауыл және т.б.), сондай-ақ техногендік (көлік авариялары, апат жарылыстар, өрт, улы заттар тараған авариялар және т.б.) сипаттағы төтенше жағдайлар туралы хабардар етуге; қауіпті метеорологиялық құбылыстар, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған, автомобиль жолдарының немесе олардағы құрылыстардың көтеру қабілеті жоғалған кезде, жол-жөндеу жұмыстарын, бұқаралық және спорттық шараларды жүргізу кезінде қозғалысты шектеуге немесе тоқтатуға; қауіпті метеорологиялық құбылыстар мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға; әкімшілік полиция органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, оларды жою жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында жол-көлік оқиғаларының есебін жүргізуге, олардың пайда болуына ықпал еткен себептер мен жағдайларға талдау жасауға; авариялар, автомобиль апаты, табиғи зілзалалар жағдайларында мүмкін болатын дәрігерге дейінгі медициналық жәрдемді қамтамасыз етуге және қозғалысқа қатысушыларды құтқару жөніндегі шараларды жүзеге асыруға; жол полициясы бөлімшелеріне жол-көлік оқиғаларын тексеруге көмек көрсетуге, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы оған себепші болған жол жағдайы бойынша болса, оған қызметтік тексеру жүргізуге; әкімшілік полиция бөлімшелеріне жол-көлік оқиғаларын тексеруге көмек көрсетуге, сондай-ақ егер жол-көлік оқиғасы оған себепші болған жол жағдайлары бойынша болса, қызметтік тексеру жүргізуге; ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен 28-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 28. Темір жолдар арқылы өткелдерді, сондай-ақ шлагбаумдардың барлық түрлерін автомобиль жолдарымен бір деңгейде ұстауды және өтпелерді күзетуді теміржол дистанциялары немесе тиісті теміржол иелері, ал жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының теміржол арқылы өтуін ұстауды жол органы жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 29-тармақ жаңа редакцияда 29. Жабын түрлері жетілдірілген негізгі жолдардың жүру бөлігінің ластануын болдырмау үшін олардан түсу және шығу жолдарының барлығы құмайт және құм топырақты жерлерде ұзақтығы кемінде 50 м және басқа топырақты жерлерде кемінде 100 м, ал қиыршықтас төселген жолдарда кемінде 25 м қатты жабын төсеу қажет. Жалпы пайдаланымдағы жолдарды кесіп өтетін және олармен түйісетін, түсу және шығу жолдарында қатты жабын төсеуді олар қарамағына берілген кәсіпорындар, ұйымдар, шаруашылықтар өз қаражаты есебінен, жол органының техникалық бақылауымен жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 30-тармақ жаңа редакцияда 30. Жолдарды салуды немесе қайта жаңартуды жүргізетін жол органы жолда орналасқан жер учаскелерін мақсатты арналуына сәйкес одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіреді. ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 31-тармақ жаңа редакцияда 31. Жол органының қызметкерлері жол элементтерін зақымдайтын немесе ластайтын көлік құралдарын не арнайы рұқсаты жоқ ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарын автомобиль жолының жүріс бөлігінен заңнамасында белгіленген тәртіппен шығаруды талап етуге құқығы бар.
5. Автомобиль жолдарын пайдалануға тыйым салу
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.14.12. № 1607 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 32-тармақ өзгертілді 32. Автомобиль жолдарында: көлемдік өлшемдері, массасы немесе жүк тиелген немесе жүксіз біліктегі салмағы рұқсат етілетіндерден артық немесе жол белгілерінде көрсетілгендерден асып түсетін көлік құралдарының, сондай-ақ қауіпті жүк тасымалдаушы көлік құралдарының арнайы рұқсатсыз жүруіне; |