ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 991 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 523 бұйрығымен бекітілген
Шетелдіктің тұруға ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, алып қою және жою жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Халықтың көші-қоны туралы», «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы», «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі туралы» заңдарына, «Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысына сәйкес әзірленді және шетелдіктің тұруға ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, алып қою және жою мәселелерін нақтылайды. 1. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ішкі істер органдары жеке басты куәландыратын мынадай құжаттар береді: шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаты (бұдан әрі - шетелдіктің тұруға ықтиярхаты); азаматтығы жоқ адамның куәлігі. 2. Шетелдіктің тұруға ықтиярхаты Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын 16 жасқа толған шетелдіктерге 10 жылға мерзімге, бірақ оның азаматтық алған елі паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|