Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру қағидасын және Шетелдіктің тұруға ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, алып қою және жою жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 991 бұйрығымен күші жойылды
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 9-бабының 10) тармақшасына және «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 29 қаңтардағы Заңының 26-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру қағидасы; 2) Шетелдіктің тұруға ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, алып қою және жою жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін ішкі істер органдарында қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3747 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінің 2005 жылғы 19 тамыздағы № 152-153 жарияланған) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 4 маусымдағы № 338 бұйрығының; 2) Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін ішкі істер органдарында қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 4 маусымдағы № 338 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4823 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінің 2007 жылғы 15 тамыздағы № 124 (1327) жарияланған) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 217 бұйрығының күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|