2014-2016 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы
Осы редакция 2014 жылғы 20 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 - IV Бюджеттік кодексінің 9 бабының 2 тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. 2014 - 2016 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, тиісінше, соның ішінде 2014 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 35 551 416 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 20 474 832 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 196 311 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 160 000 мың теңге; трансферттер түсімі - 14 720 273 мың теңге; 2) шығындар - 38 826 490 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 22 224 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 22 224 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 200 000 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 200 000 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - -3 497 298 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 3 497 298 мың теңге, оның ішінде: қарыздар түсімі - 3 497 298 мың теңге. қарыздарды қайтару - 0 мың теңге. 2. Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 52 бабына сәйкес, 1 тармағының 1, 2 тармақшаларда қаралғандарды қоспағанда, түсімдер Ақтөбе қаласының бюджеті кірісіне толық есептелсін. 3. Ақтөбе облыстық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 168 «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімімен салықтар түсімдерінің жалпы сомасы Ақтөбе қаласына мынадай мөлшерде бөлінуі белгіленгені еске алынсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|