ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 621 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 180 қаулысымен бекітілген
1. «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші - www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілген сәттен бастап: лицензия беру - 15 (он бес) жұмыс күні; қайта ресімделген лицензия беру - 10 (он) жұмыс күні; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең көп рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің ең көп рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған). 6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия, қайта ресімделген лицензия (бұдан әрі - лицензия) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|