Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 және «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2015.25.04. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 325 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 706-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасында: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) ағымдағы баға - жекешелендіру объектісінің аукциондағы сауда-саттық барысында қалыптасатын бағасы;»; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) аукцион - тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін қатысушылар өздерінің ұсыныстарын жария түрде мәлімдейтін сауда-саттық нысаны;»; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) аукцион залы - аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;»; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) аукцион нөмірі - қатысушыға электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде аукционға қатысу үшін берілетін нөмір;»; 5), 24), 25) тармақшалар алынып тасталсын; 15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «15) ұйымдастырушы тартылған жағдайда онымен сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге шарт жасасу;»; 16-1) тармақша алынып тасталсын; 18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «18) қатысушылармен, сатып алушылармен, ұйымдастырушымен сауда-саттық өткізу рәсімдеріне байланысты есептесулерді жүзеге асыру;»; 12-тармақтың 11) және 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|