|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 1. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-қужат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11,56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат): 86-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Бала асырап алушы баланың пікірін және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның ұсынымдарын ескере отырып, баланы тәрбиелеу тәсілдерін өз бетінше айқындауға құқылы және осы Кодексте көзделген талаптарды сақтауға міндетті. Республика аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бала асырап алушының жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем алуға құқығы бар. Бала асырап алудың күші жойылған жағдайда бала асырап алушы жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты төленген біржолғы ақшалай төлемді бюджетке қайтаруға міндетті. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару тәртібін және оның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.». 2. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 23, 560-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; № 20, 252-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 923-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2012 ж., № 4,32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14,72,75-құжаттар): 1) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын: «12-бап. Ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға берілетін жеңілдіктер мен өтемақылар Осы Заңның 5, 6, 7, 8 және 9-баптарында көрсетілген аймақтарда тұрған және тұрып жатқан азаматтарға ядролық сынақтардан келтірілген залал үшін: 1) төтенше радиациялық қауіпті аймақ бойынша - 1949 - 1965 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 5,23 айлық есептік көрсеткіш және 1966 - 1990 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 1,05 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 2) ең жоғары радиациялық қауіпті аймақ бойынша - 1949 - 1965 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 2,62 айлық есептік көрсеткіш және 1966 - 1990 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 1,05 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 3) жоғары радиациялық қауіпті аймақ бойынша - 1949 - 1965 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 1,57 айлық есептік көрсеткіш және 1966 - 1990 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 0,79 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 4) ең төмен радиациялық қауіпті аймақ бойынша - 1949 - 1965 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 1,05 айлық есептік көрсеткіш және 1966 - 1990 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 0,52 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 5) жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақтағы аймақ бойынша - 1949 - 1990 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 0,26 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақыға кепілдік беріледі. Ядролық сынақтардан келтірілген залал үшін біржолғы ақшалай өтемақы алу құқығын бірінші кезекте зейнеткерлік жасқа толған азаматтар пайдаланады. Айлық есептік көрсеткіш дегеніміз ядролық сынақтардан келтірілген залал үшін біржолғы ақшалай өтемақы берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш болып табылады.»; 2) 13-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Заңның 5 және 6-баптарында көрсетілген аумақтарда тұрып жатқан және 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткерлікке шыққан азаматтардың зейнетақыға аймақтар бойынша мынадай мөлшерде үстемеақы алуға құқығы бар: төтенше радиациялық қауіпті аймақ бойынша - 2,09 айлық есептік көрсеткіш; ең жоғары радиациялық қауіпті аймақ бойынша - 1,83 айлық есептік көрсеткіш.». 3. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат): 1) 6-баптың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3-1. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы қайтыс болған жағдайда отбасы мүшелеріне не жерлеуді жүзеге асырған адамға 15,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.»; 2) 12, 16 және 18-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «12-бап. Мүгедектігі бойынша жәрдемақылардың мөлшері 1. Осы Заңның 11-бабының 1), 1-1) және 3) тармақшаларында көрсетілген мүгедектерге мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақылар: 1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап: бірінші топтағы мүгедектерге - республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі - ең төмен күнкөріс деңгейі) 1,42 мөлшерінде; екінші топтағы мүгедектерге - 1,11 ең төмен күнкөріс деңгейі; үшінші топтағы мүгедектерге - 0,78 ең төмен күнкөріс деңгейі; он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі; бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге - 1,42 ең төмен күнкөріс деңгейі; бала кезінен екінші топтағы мүгедектерге - 1,16 ең төмен күнкөріс деңгейі; бала кезінен үшінші топтағы мүгедектерге - 0,91 ең төмен күнкөріс деңгейі; он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші топтағы мүгедек балаларға - 1,42 ең төмен күнкөріс деңгейі; он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедек балаларға - 1,16 ең төмен күнкөріс деңгейі; он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі үшінші топтағы мүгедек балаларға - 0,91 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде; 2) 2015 жылғы 1 шілдеден бастап: бірінші топтағы мүгедектерге - 1,78 ең төмен күнкөріс деңгейі; екінші топтағы мүгедектерге - 1,39 ең төмен күнкөріс деңгейі; үшінші топтағы мүгедектерге - 0,98 ең төмен күнкөріс деңгейі; он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға — 1,31 ең төмен күнкөріс деңгейі; бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге - 1,78 ең төмен күнкөріс деңгейі; бала кезінен екінші топтағы мүгедектерге - 1,45 ең төмен күнкөріс деңгейі; бала кезінен үшінші топтағы мүгедектерге - 1,14 ең төмен күнкөріс деңгейі; он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші топтағы мүгедек балаларға - 1,78 ең төмен күнкөріс деңгейі; он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедек балаларға - 1,45 ең төмен күнкөріс деңгейі; он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі үшінші топтағы мүгедек балаларға - 1,14 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады. 2. Осы Заңның 11-бабының 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген мүгедектерге мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақылар: 1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап: бірінші топтағы мүгедектерге - 1,69 ең төмен күнкөріс деңгейі; екінші топтағы мүгедектерге - 1,36 ең төмен күнкөріс деңгейі; үшінші топтағы мүгедектерге - 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде; 2) 2015 жылғы 1 шілдеден бастап: бірінші топтағы мүгедектерге - 2,11 ең төмен күнкөріс деңгейі; екінші топтағы мүгедектерге - 1,70 ең төмен күнкөріс деңгейі; үшінші топтағы мүгедектерге - 1,31 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады. 3. Осы Заңның 11-бабының 4) тармақшасында көрсетілген мүгедектерге мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақылар: 1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап: бірінші топтағы мүгедектерге - 2,19 ең төмен күнкөріс деңгейі; екінші топтағы мүгедектерге - 1,56 ең төмен күнкөріс деңгейі; үшінші топтағы мүгедектерге - 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде; 2) 2015 жылғы 1 шілдеден бастап: бірінші топтағы мүгедектерге - 2,74 ең төмен күнкөріс деңгейі; екінші топтағы мүгедектерге - 1,95 ең төмен күнкөріс деңгейі; үшінші топтағы мүгедектерге - 1,31 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады. 4. Жұмыс істейтін жәрдемақы алушыларға мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы толық мөлшерде төленеді. 5. Егер Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері мүгедектердің тиісті санаттары үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақының мөлшерінен аз болса, мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы төлеу Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектердің осы санаты үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейінгі тиісті қосымша төлемдер түрінде жүргізіледі.»; «16-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылардың мөлшері 1. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының ең жоғары мөлшері: 1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,69 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде; 2) 2015 жылғы 1 шілдеден бастап отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,11 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады. 2. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы: 1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап: отбасының еңбекке жарамсыз бір мүшесі болған кезде - 0,69 ең төмен күнкөріс деңгейі; екеу болған кезде - отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,19 ең төмен күнкөріс деңгейі; үшеу болған кезде - отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,48 ең төмен күнкөріс деңгейі; төртеу болған кезде - отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,57 ең төмен күнкөріс деңгейі; бесеу болған кезде - отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,62 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады. Отбасының еңбекке жарамсыз алты және одан да көп мүшесі болған кезде әрқайсысына жәрдемақының мөлшері 1,69 ең төмен күнкөріс деңгейінің бірдей үлесі ретінде есептеледі. 1) 2015 жылғы 1 шілдеден бастап: отбасының еңбекке жарамсыз бір мүшесі болған кезде - 0,86 ең төмен күнкөріс деңгейі; екеу болған кезде - отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,49 ең төмен күнкөріс деңгейі; үшеу болған кезде - отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,85 ең төмен күнкөріс деңгейі; төртеу болған кезде - отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,96 ең төмен күнкөріс деңгейі; бесеу болған кезде - отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,03 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады. Отбасының еңбекке жарамсыз алты және одан да көп мүшесі болған кезде әрқайсысына жәрдемақының мөлшері 2,11 ең төмен күнкөріс деңгейінің бірдей үлесі ретінде есептеледі. 3. Ата-анасының екеуінен де айырылған жағдайда - жетім балаларға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы: 1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап әрбір балаға - 0,94 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, отбасының еңбекке жарамсыз қалған мүшелеріне 0,43 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, бірақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,05 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерде; 2) 2015 жылғы 1 шілдеден бастап әрбір балаға - 1,18 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, отбасының еңбекке жарамсыз қалған мүшелеріне 0,54 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, бірақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,56 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерде тағайындалады. 4. Қызметтік міндеттерін атқару немесе әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауыруы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар, ішкі істер органдары және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының мөлшері отбасының еңбекке жарамсыз әрбір мүшесіне 0,25 ең төмен күнкөріс деңгейіне, бірақ: 1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап - отбасының барлық мүшелеріне 2,5 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерде; 2) 2015 жылғы 1 шілдеден бастап — отбасының барлық мүшелеріне 2,56 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерге ұлғайтылады. 5. Егер отбасының еңбекке жарамсыз мүшесінің Орталықтан алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшері асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша алатын айлық жәрдемақының мөлшерінен аз болса, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы төлеу Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдеріне отбасының еңбекке жарамсыз осы мүшелері үшін белгіленген асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейінгі тиісті қосымша төлемдер түрінде жүргізіледі.»; «18-бап. Жасына байланысты әлеуметтік жәрдемақының мөлшері Жасына байланысты айлық жәрдемақы 0,52 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.», 4. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж.,№8, 238-құжат; № 23, 925-құжат; 2000 ж., № 23, 411-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2004 ж.э № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., №12, 69-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 23,111-құжат; 2012 ж., №4, 32-құжат; № 8, 64-құжат): 7-бап мынадай редакцияда жазылсын: «7-бап. Жәрдемақы мөлшері Жәрдемақы Қазақстан Республикасының заңнамалық; актілерінде айқындалған жеңілдіктер тізбесі негізге алына отырып, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға тағайындалады. Жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді. Жәрдемақы мынадай мөлшерде тағайындалады: 1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына - 16,0 айлық есептік көрсеткіш; 2) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне - 16,0 айлық есептік көрсеткіш; 3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға - 6,19 айлық есептік көрсеткіш; 4) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға - 7,55 айлық есептік көрсеткіш; 5) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне - айлық есептік көрсеткіш; 6) Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, ауыру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; бейбіт уақытта әскери қызметті, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметті өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына; Чернобыль АЭС-тағы апаттың. және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасыларына; сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтардың отбасыларына - 4,59 айлық есептік көрсеткіш; 7) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне (ерлеріне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтардың, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде мертігуінің және басқа да себептердің (құқыққа қайшы келетіндерді қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылғандардың екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне (ерлеріне) - 2,56 айлық есептік көрсеткіш; 8) Кеңес Одағының Батырларына, үш дәрежелі Даңқ ордендерінің иегерлеріне, «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдарға- 138,63 айлық есептік көрсеткіш; 9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары арасынан шыққан Социалистік Еңбек Ерлеріне - 74,65 айлық есептік көрсеткіш; 10) Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне - 9,60 айлық есептік көрсеткіш; 11) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен наградталмаған, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет атқарған) адамдарға -2,13 айлық есептік көрсеткіш; 12) 1988 - 1989 жылдары Чернобыль АЭС-тағы апаттың салдарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылғандар (өз еркімен кеткендер) қатарындағы адамдарға - 2,13 айлық есептік көрсеткіш; 13) бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге - 1,49 айлық есептік көрсеткіш; 14) үшінші топтағы мүгедектерге - 0,64 айлық есептік көрсеткіш; 15) он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 0,96 айлық есептік көрсеткіш; 16) он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға: бірінші және екінші топтағыларға - 1,49 айлық есептік көрсеткіш; үшінші топтағыларға - 0,64 айлық есептік көрсеткіш; 17) «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға - 6,40 айлық есептік көрсеткіш; 18) бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында білім алатын балалары бар көп балалы отбасыларға балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орындарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) - 4,16 айлық есептік көрсеткіш; 19) саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға - 1,07 айлық есептік көрсеткіш; 20) Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға -1,07 айлық есептік көрсеткіш.». 5. «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 647-құжат; 2002 ж., № 10, 105-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 24,178-құжат): 6 және 7-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «6-бап. Жәрдемақы мөлшері 1. Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 тізімі бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс өтілі бар азаматтарға жәрдемақы 9,42 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады. 2. Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 тізімі бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс өтілі бар азаматтарға жәрдемақы 8,38 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады. 3. Жәрдемақы алушыға зейнеткерлік жасқа толған кезде осы Заңға сәйкес жәрдемақы алу немесе Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау арасында таңдау жасауға құқық беріледі. 7-бап. Жәрдемақы төлеу Жәрдемақы төлеуді Орталық ағымдағы ай үшін жүргізеді. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленеді. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне не жерлеуді жүзеге асырған адамға 15,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді. Жәрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.». 6. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 44-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат): 10-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Заңға сәйкес жәрдемақылар мынадай мөлшерде белгіленеді: 1) бала туғанда берілетін жәрдемақы: бірінші, екінші, үшінші балаға - 31,41 айлық есептік көрсеткіш; төртінші және одан кейінгі балаларға - 52,35 айлық есептік көрсеткіш; 2) бала күтімі жөніндегі жәрдемақы: бірінші балаға - 5,76 айлық есептік көрсеткіш; екінші балаға - 6,81 айлық есептік көрсеткіш; үшінші балаға - 7,85 айлық есептік көрсеткіш; төртінші және одан кейінгі балаларға - 8,90 айлық есептік көрсеткіш; 3) балаларға арналған жәрдемақы - әрбір балаға 1,05 айлық есептік көрсеткіш; 4) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы - жалақының 1,05 ең төмен мөлшері. Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жәрдемақылар - республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып, ал осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген жәрдемақы - ең төмен жалақы мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.». 7. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22,115-құжат; 2014 ж., № 1,1-құжат): 1) 10-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «2. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін алушы, оның ішінде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға Орталықтан республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15,7 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді. 3. Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі болып табылатын, Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға Орталықтан республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 36,6 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.»; 2) 15-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары, прокуратура, Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің және зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдардың және көрсеткіштердің № 1 тізімі бойынша және жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері бойынша жеңілдікті шарттарда тағайындалған адамдардың зейнетақы төлемдері мөлшерін қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің 41 еселенген мөлшерінің 75 пайызынан аспауға тиіс.»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |