«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 Қаулысымен күші жойылды
Медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 529-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 29 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына қосымша
1. Жалпы ережелер
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға ұсынылады және барынша дәлелденген тиімді профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді қамтиды. 2. ТМККК-ге: 1) жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация; 2) мыналарды: медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (бұдан әрі - МСАК); медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті (бұдан әрі - КДК) қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|