ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕЛЕР ТУРАЛЫ
ҚР 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 193-V Заңымен ратификацияланда
II-БӨЛІМ. КӨРМЕЛЕРДІ ӨТКІЗУ ЖИІЛІГІ III БӨЛІМ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕЛЕР БЮРОСЫ IV БӨЛІМ. ШАҚЫРУШЫ ЕЛ МЕН ҚАТЫСУШЫ ЕЛДЕРДІҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
Төменде қол қойған, төменде аталған Үкіметтердің соған тиісінше уәкілеттік берілген тұлғалар 1928 жылғы 12 қарашадан бастап 22 қарашаны қоса алғандағы кезеңде Парижде Конференцияда жиналып, ортақ келісім мен ратификациялау шартымен төмендегілер туралы уағдаласты:
Бірінші бап.
Осы Конвенцияның ережелері тек ресми немесе ресми түрде халықаралық деп танылған көрмелерге қолданылады. Басқа елдер дипломатиялық жолмен шақырылатын, әдеттегідей, мерзімдік сипаты жоқ және бірнеше ел өндірістің бір немесе бірнеше саласында қол жеткізген табыстарды көрсету мақсатын көздейтін, сондай-ақ көрме үй-жайына кіру кезінде сатып алушылар немесе келушілер арасында ешқандай айырмашылық болмайтын кез келген экспозиция, атауына қарамастан, ресми немесе ресми түрде халықаралық деп танылған көрме болып есептеледі. Осы Конвенция ережелерінің қолданысына мыналар: 1. Ұзақтығы кемінде үш апта болатын көрмелер; 2. Ұзақтығы 1-тармақта көзделген ұзақтықтан аспайтын жағдайда халықаралық конгрестерге байланысты ұйымдастырылған ғылыми көрмелер; 4. Бір ғана ел екінші елде оның шақыруы бойынша ұйымдастырған көрмелер жатпайды. Уағдаласушы елдер осы Конвенцияның қолданысына бола тұра, онда көзделген міндеттемелерін орындамаған халықаралық көрмелерге қамқорлық көрсетуден және мемлекеттік субсидиялардан, сондай-ақ төменде III, IV және V бөлімдерде көзделген басқа артықшылықтардан бас тартуға келісті.
Егер көрме бірнеше өнеркәсіп салаларындағы адам еңбегінің бұйымдарына арналса және ол белгілі бір салада, мысалы, гигиена, қолданбалы өнер, қазіргі заманғы жайлылық, колонияларды дамыту Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|