Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидасын бекіту туралы (2016.27.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Әділет министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 561 бұйрығымен күші жойылды
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің келесі нормативтік кұқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын: 1) «Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 303 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6625 тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған); 2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. «Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қарашадағы № 303 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 310 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8888 тіркелген, 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 14 (28238) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған). 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті (Ж.Б. Ешмағамбетов): 1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің төрағасы Ж.Б. Ешмағамбетовке жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|