Инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 1 қыркүйектегі № 1293 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 25 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңы 1-бабының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 1293 қаулысымен
бекітілген
Инвестициялық стратегиялық жобалардың
тізбесі
Р/с № | Жобаның атауы |
1 | 2 |
1 | Хлор мен каучук содасын мембраналық әдіспен өндіруді ұйымдастыру |
2 | Екібастұз МАЭС-2 кеңейту және қайта жаңарту |
3 | Екібастұз МАЭС-1 қайта жаңарту және кеңейту |
4 | Ақтау пластикалық масса зауытында жол битумдарын өндіру |
5 | Метталлургиялық қайта бөлу мен инфрақұрылым объектілерін қамтитын металлургиялық кешен салу |
6 | Атырау облысында алғашқы ықпалдастырылған газ-химия кешенін салу |
7 | Қазақстанда поликристалды кремний өндіретін зауыт салу |
8 | Мұнай мен құрғақ жүктерді аудару көлемін ұлғайту үшін Ақтау халықаралық теңіз сауда портын кеңейту |
9 | Балқаш ЖЭС-ін салу |
10 | Шымбұлақ тау шаңғысы курортын кешенді дамыту |
11 | Бейнеу - Бозой - Ақбұлақ магистралдық газ құбырын салу |
12 | Астана қаласында локомотив құрастыру зауытын салу |
13 | Жүк вагондарын шығаруды ұйымдастыру |
14 | Тараз металлургиялық зауытында ферроқорытпа өндірісін кеңейту және жаңғырту |
15 | Мойнақ СЭС-ін салу |
16 | Ақшабұлақ кен орнында ГТЭС салу |
17 | Орал ГТЭС салу |
18 | Қазақстанның ұлттық электр желісін жаңғырту, 2-кезең |
19 | Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту және жаңғырту |
20 | Шымкент мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту және жаңғырту |
21 | Павлодар мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту және жаңғырту |
22 | Калий тыңайтқыштарын өндіру |
23 | Күкірт қышқылын өндіру |
24 | Р65 түріндегі магистралдық рельстер шығару |
25 | Цифрлы телевидение жасау |
26 | Астана қаласында фармацевтикалық фабрика салу |
27 | Мемлекеттік медицина ұйымдары үшін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасының бірыңғай дистрибуциясы жүйесін құру |
28 | Астана қаласындағы локомотив құрастыру зауытында шығарылатын тепловоздармен локомотив паркін жаңарту |
29 | Ақмола облысының Атбасар қаласындағы "Бәйтерек-А" акционерлік қоғамы базасында электровоздар шығаруды ұйымдастыру |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
МАЭС - мемлекеттік аудандық электр станциясы
ЖЭС - жылу электр станциясы
СЭС - су электр станциясы
ГТЭС - газ-турбиналық электр станциясы