Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөніндегі кеңестiң ережесi мен құрамын бекіту туралы (2013.18.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөніндегі кеңестiң ережесi мен құрамы бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 27 шiлдедегi № 1140 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөніндегі кеңес туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөніндегі кеңес (бұдан әрi Кеңес) Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерді, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 3. Кеңес өз қызметiн республиканың мемлекеттік органдарымен, дiни, өзге де қоғамдық бiрлестiктерiмен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылда жүзеге асырады. 4. Кеңестiң шешімдерi ұсынымдық сипатқа ие.
2. Кеңестiң мақсаты, мiндеттерi мен функциялары ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1109 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Кеңестің мақсаты діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру, қоғамдағы діни келісімді нығайту және конфессияаралық қатынастарды үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады. ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1109 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мыналар: 1) елдегi дiни жағдайды және оның даму тенденцияларын жан-жақты және әдiл зерттеу, жинақтап қорыту және талдау; 2) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу; 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын республикадағы діни ахуалдың жай-күйі және Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасының сақталуы туралы хабардар ету; 4) дiни бiрлестiктермен байланыстар жөніндегі аймақтық кеңестер жұмысын үйлестiру; 5) ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6) дiни бiрлестiктер арасындағы өзара түсiнiстiк пен төзiмдiлiктi нығайту және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес консультативтiк көмек көрсету болып табылады. ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1109 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруға қатысады; 2) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлейді; 3) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша консультативтік жұмыс жүргізеді; 4) шет мемлекеттердің тиісті ұйымдарымен халықаралық байланыстар орнатады және оны жолға қояды.
3. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру және жұмыс тәртібі ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.17.01. № 86 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 8. Кеңесті Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы басқарады. ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 9. Кеңестiң мәжілістерi жарты жылда кемiнде бiр мәрте өткiзіледi. Кеңестiң кезектен тыс мәжілісi Кеңес төрағасының жеке бастамасы бойынша немесе Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен бiрiнiң өтiнiшi бойынша шақырылады. 10. Кеңес мәжілісi, егер оның жұмысына кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды болып есептеледi. Кеңестiң шешiмдерi мәжіліске қатысқан Кеңес мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тепе-теңдiгi кезiнде Кеңес төрағасының дауысы шешушi болып табылады. 11. Мәселелердi пысықтау, мәжілістердi дайындау, сараптау және талдау жұмыстарын жүргiзу үшiн Кеңес өз мүшелерi бiрiнiң жетекшiлiгiмен iс-қимыл жасайтын жұмыс топтарын құра алады. ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.18.10. № 1109 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ өзгертілді 12. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарға: 1) мемлекеттік органдардан, дiни ұйымдар мен жеке адамдардан Кеңес құзыретiне жататын мәселелер бойынша қажеттi ақпарат сұратуға; 2) орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдардың Кеңес құзыретіне қатысты ақпараттық деректер банкiн пайдалануға; 3) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерін Кеңестің отырыстарына шақыруға; 4) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын қарауға; 5) Кеңес құзыретіндегі мәселелерге қатысты нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын әзiрлеуге қатысуға; 6) ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
4. Кеңестiң қызметiн қамтамасыз ету
ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13. Кеңес төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдердің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде оның функциялары төрағаның орынбасарына жүктеледі. ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.17.01. № 86 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 14. Кеңес жұмысын ұйымдастыруды, тиісті құжаттарын дайындауды және отырысының хаттамаларын ресімдеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады. Отырысқа материалдар Кеңес мүшелеріне ол өткізілгенге дейін кемінде 3 күн бұрын жіберіледі. 15. ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 16. Кеңес Қазақстан Республикасының жетекшi конфессиялар басшылары, дiнтанушы ғалымдар, мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлерi және қоғамдық қайраткерлер қатарынан жасақталады. Кеңес мүшелерi өз мiндеттерiн қоғамдық негiзде жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 17. Кеңестің құзыретіне қатысты қажетті материалдарды әзірлеу үшін ұйымдар, сондай-ақ ғалымдар мен жоғары білікті мамандар тартылуы мүмкін. 18. ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Кеңестiң қызметiн тоқтату тәртібі
19. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша құрылған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдарды және жұмыс топтарын құру, қызметiн жүргiзу және тарату тәртібі туралы нұсқаулығына сәйкес тоқтатады. ҚР Үкіметінің 28.02.01 ж. № 292; 03.04.02 ж. № 397 қаулыларымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 22.09.03 ж. № 961 қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 27.08.04 ж. № 905 қаулысымен құрам өзгерді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2007.05.10. № 905 қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.12.11 № 1047 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.21.05. № 752 қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.17.01. № 86 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.12.04. № 449 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамы
|