Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы (2014.30.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 160 Қаулысымен күші жойылды
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014.30.10. № 267 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014.30.10. № 267 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса берiлiп отырған «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекiтiлсiн. 2. «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ж.Ұ. Ұланова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Л. Илмұханбетоваға жүктелсін. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014.30.10. № 267 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы С.Б. Нарешова 28 наурыз 2014 жыл
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|