Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № А-8/349 Қаулысымен күші жойылды Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № А-3/100 қаулысымен бекітілді
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті
1. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттар жасасу, оларды тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. 2. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нысаны: қағаз түрінде. 3. Қол қойылған және тіркелген кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған кеілісімшарт (бұдан әрі - келісімшарт) көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 153 қаулысымен бекітілген «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттар жасасу, оларды тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады. 5. Қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімдердің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттардың қабылдауын, олардың тіркелуін жүргізеді - 10 минут. Нәтижесі - қызметті берушінің кеңсесінде қызметті алушының құжаттарының көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты туралы белгі қойылады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|