ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 644 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 202 бұйрығына 4-қосымша
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Қазақстан Республикасы радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 8-4) тармақшасы негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 158 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі: Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес рәсімделген Қазақстан Республикасы радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру (бұдан әрі - РЖС пайдалануға рұқсат); көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздемелер бойынша дәлелді бас тарту туралы жауап беру. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті ұсыну нәтижесі нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және/немесе қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағымен бекітілген.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|