ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 346 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 83 бұйрығына 2-қосымша
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 146 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы қағаз жүзіндегі анықтама болып табылады.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынуы негіз болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мынадай рәсімдерден тұрады: 1-рәсім - өтінішті 1 (бір) жұмыс күні ішінде қабылдау және тіркеу; 2-рәсім - «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтаманы ресімдеу; 3-рәсім - «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтамаға қол қою және кеңсеге жіберу (2 және 3-рәсімдер 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады); 4-рәсім - «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтаманы 1 (бір) жұмыс күні ішінде тіркеу және оны көрсетілетін қызметті алушының қолына беру немесе поштамен жіберу.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|