Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатына енгізілген Бәсекелестікті қорғау жөніндегі көрсеткіштерді есептеу әдістемесін бекіту туралы
2013 жылғы 4 наурызда № 20-20/004-527(7.2.7-т.) қбпү Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевпен бекітілген Мемлекеттік статистикамен мемлекеттік жоспарлау жүйесін үйлестіруді қамтамасыз ету жөніндегі жол картасының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатына енгізілген бәсекелестікті қорғау жөніндегі көрсеткіштерді есептеу әдістемесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі - Агенттік) Стратегиялық жоспарлау департаменті Агенттіктің интернет-ресурсында осы бұйрықтың жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің жауапты хатшысы Н.Ә. Әбдіге жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Төрағасы Ә. А. Смайылов
Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының 2013 жылғы 31 қазандағы № 255-ОД бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатына енгізілген бәсекелестікті қорғау жөніндегі көрсеткіштерді есептеу әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне енгізілген бәсекелестікті қорғау жөніндегі көрсеткіштерді есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) 2013 жылғы 4 наурыздағы № 20-20/004-527 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары бекіткен Мемлекеттік статистикамен мемлекеттік жоспарлау жүйесін үйлестіруді қамтамасыз ету жөніндегі жол картасының негізінде әзірленді. 2. Есептеу әдістемесі бәсекелестікті дамытудың ағымдағы деңгейі бойынша объективті бағалау алу үшін жүргізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|