ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 94 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 565 бұйрығымен бекітілген № 4 қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті туралы
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (бұдан әрі - Комитет) өз құзыреті шегінде қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу, мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің қауіпсіздігі, арнайы мекемелерде ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету, күзет, лицензиялау және рұқсат беру қызметі саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) ведомствосы болып табылады. 2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында шоттары болады. Комитет өзінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге құқылы. Егер Комитет заңнамаға сәйкес уәкілетті болса, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болады. 4. Комитет құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрықтар нысанында құқықтық актілер шығарады. 5. Комитеттің құрылымы мен штаттық санын Ішкі істер министрі не болмаса оның өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды адам Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штаттық саны лимиті шегінде бекітеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|