Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 321 Қаулысымен күші жойылды
Алматы облысы әкімдігінің 2014.12.09. № 331 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 153 қаулысымен бекітілген
(2014.12.09. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы облысы аудандарының және облыстық маңызы бар қалаларының білім бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 115 қаулысымен бекітілген «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде (бұдан әрі - Стандарт) көрсетіледі. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес жетім балаға (балаларға) және ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы анықтама (бұдан әрі - анықтама).
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен бірге жүгінуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|