Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 4/637 Қаулысымен күші жойылды
Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 2/337 қаулысымен бекітілген
«Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2014.17.10. берілген толықтырулармен)
1. Осы «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 253 қаулысымен бекітілген «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының негізінде әзірленді (бұдан әрі - Стандарт). 2. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы). «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге тікелей немесе телефон байланысы арқылы өтініш берген кезде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (учаскелік терапевт/учаскелік педиатр/жалпы практика дәрігері) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, сондай-ақ www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы осы регламенттің 3 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету мемлекеттік және орыс тілдерінде, өтінім ресімделген тілге байланысты іске асырылады. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті алушыға тікелей немесе телефон арқылы байланысқанда: 1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 10 (он) минуттан аспайды; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 10 (он) минуттан аспайды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|