Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің орындалуындағы Қазақстан халқына жолдауларын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың басқа да тапсырмаларының орындалуын бақылауды саяси мемлекеттік қызметшілер қатарынан жауапты адамдарды дербес бекіту туралы (2017.15.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының қатысуымен 2014 жылғы 12 сәуірде өткен Кеңейтілген аппараттық кеңес хаттамасының 7-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің орындалуындағы Қазақстан халқына жолдауларын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың басқа да тапсырмаларының орындалуын бақылауды саяси мемлекеттік қызметшілер қатарынан жауапты адамдарды дербес бекітуі (бұдан әрі - Бекіту) бекітілсін. 2. Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Президент Әкімшілігінің үйлестіруші мемлекеттік инспекторлары, басқа мемлекеттік органдарының өкілдері шақырылатын ай сайынғы кеңестер өткізу практикасын енгізсін. 3. Саяси мемлекеттік қызметшілер қатарындағы жауапты тұлғаларды бекітудің тиісті және уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін: 1) Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы мен жай-күйіне талдауды жүйелі негізде ұйымдастырсын; 2) Мемлекет басшысы тапсырмасының жобасы бойынша Президент Әкімшілігіне ұсыныстар енгізу кезінде тиісті міндеттің толық шешілуі үшін қажетті мерзімнің нақты ұзақтығын жан-жақты пысықтап, айқындасын. 4. Ведомство, құрылымдық бөлімшілер басшылары және баспасөз хатшысы Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпаратты апта сайын бейсенбі күні Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментіне ұсынсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Ә.Қ. Ғалымоваға жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|