Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасы Статистика агенттігіне әкімшілік деректерді ұсынуы туралы
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 214 және ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 34 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің әкімшілік деректерді Қазақстан Республикасы Статистика агенттігіне ұсынуы мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2014 жылдың 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде мынадай әкімшілік деректерді Қазақстан Республикасы Статистика агенттігіне ұсынсын: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 бұйрығымен бекітілген әкімшілік есептілік нысандарына сәйкес Қазақстан Республикасындағы тұрақты мектепке дейінгі ұйымдар туралы мәліметтерді; 2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 бұйрығымен бекітілген әкімшілік есептілік нысандарына сәйкес Қазақстан Республикасындағы күндізгі жалпы білім беретін мектептер туралы мәліметтерді, Қазақстан Республикасында оқыту тілдері бойынша күндізгі жалпы білім беретін мектептердің және оқушылардың санын бөлу туралы мәліметтерді, Қазақстан Республикасының күндізгі жалпы білім беретін мектептеріндегі материалдық база бойынша және шет тілдерін оқыту туралы мәліметтерді; 3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 бұйрығымен бекітілген әкімшілік есептілік нысандарына сәйкес Қазақстан Республикасындағы кешкі (ауысымдық) жалпы білім беретін мектептер туралы мәліметтерді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|