Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі арасындағы ақпараттық жүйелердің интеграциялаусыз өзара іс-қимылы тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 214 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 34 бірлескен бұйрығы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі арасындағы ақпараттық жүйелердің интеграциялаусыз өзара іс-қимылы тәртібі бекітілсін. 2. Осы бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бойынша әкімшілік деректерді қалыптастыруға жауапты адамдардың құрамын айқындасын. 3. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің әкімшілік деректерін Қазақстан Республикасының Статистика агенттігіне беру туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2014 жылғы 9 шілдедегі № 116 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 шілдедегі № 264 бірлескен бұйрығының күші жойылсын. 4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті осы бірлескен бұйрықты облыстардың, Астана, Алматы қалаларының Білім басқармаларына және облыстардың, Астана, Алматы қалаларының Статистика департаменттеріне жұмыс бабында басшылық алу үшін жеткізсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасары Қ.К. Орынхановқа және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі А.К. Әмринге жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|