«Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 660 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 14 қазандағы № ҚР ДСМ-130/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 25-тармақшасына және 15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 660 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне № 5906 болып енгізілді) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткізу ережесі, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Л.М.Ахметниязова): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның заңнамада белгіленген тәртіппен одан бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 369 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 660 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|