Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы» мемлекеттік мекемесiн тарату туралы
Осы редакция 2014 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнің «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайын құру туралы» 2004 жылғы 28 тамыздағы № 1431 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігiнің «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы» мемлекеттік мекемесі таратылсын. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 14 қазандағы № 1051 қаулысымен бекітілсiн
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер 1. «Мемлекеттік күзетiлуi тиiс объектiлердiң қауiпсiздігін қамтамасыз етудiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 4 қыркүйектегi № 901 қаулысында: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзетiлуi тиiс объектiлерiнiң тiзбесiнде: «Аса маңызды мемлекеттік объектiлерi» деген 1-бөлiмде: «Халықаралық және республикалық маңызы бар мемлекеттік мұражайлар, тарихи және мәдени ескерткiштер» деген 5-кiшi бөлiмде: мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 4-1-жолмен толықтырылсын: «4-1 «Қазақстан Республикасы Президентінің Тұңғыш мұражайы» MM»; реттік нөмiрi 11-жол алынып тасталсын. 2. «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 24 қарашадағы № 1172 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде: реттік нөмiрi 20-жол алынып тасталсын. 3. «2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысында: көрсетілген қаулыға 311-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында: «экспонаттарға арналған витриналар - 100 бiрлiк;», «жарық беру құралдары - 150 дана;», «арнайы витриналар - 100 дана;»деген жолдар алынып тасталсын; «экспонаттар - 2537» деген жолда «2537» деген сандар «1088» деген сандармен ауыстырылсын. 4. «2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысында: көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: IV «Шығындар» деген бөлiмде: 08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк» деген функционалдық топта: 01 «Мәдениет саласындағы қызмет» деген iшкi функцияда: 235 «Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігi» деген әкімші бойынша: 003 «Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау» деген бағдарламада «480219» деген сандар «469734» деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 101 «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшілiгі» деген әкiмшiмен және 004 бағдарламамен толықтырылсын: «101 Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi 10485; 004 Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау 10485». |