Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасы туралы (2018.23.08. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ: 1. Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасы бекітілсін. 2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2014 жылғы 27 маусымдағы № 249/36-V шешімімен бекітілген
Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасы
1. Жалпы ережелер
Астана қаласы мәслихатының 2016.24.06. № 36/7-VI шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); Астана қаласы мәслихатының 2018.23.08. № 297/36-VI шешімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Осы Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңдарына сәйкес әзірленді. 2. Қағиданы келесілер орындауға міндетті: 1) жергілікті атқарушы органдар; 2) теңгерімінде, жедел басқаруында, шаруашылық жүргізуінде немесе жалға алуда, қызмет көрсетуінде жылумен жабдықтау көздері, инженерлік құрылыстар, коммуникациялар мен ғимараттары бар, ведомстволық бағыныстылығы мен меншік түріне қарамастан, кондоминиумды басқару органдары; 3) Астана қаласының тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешені объектілерін салу, монтаждау, қалыпқа келтіру және жөндеу жұмыстарын атқарушы құрылыс-монтаждау, жөндеу және қалыпқа келтіру ұйымдары. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|