«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақтың 2), 3), 4) тармақшалары алып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 881 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жүйесіне басшылық етуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда, қалалардағы аудандарда және көліктегі аумақтық органдары, сондай-ақ мынадай ведомстволары бар: 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы; 2) Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті; 3) Әкімшілік полиция комитеті; 4) Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті; 5) Криминалдық полиция комитеті; 6) Тергеу комитеті. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|