Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қағиданы бекіту туралы (2020.08.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі Заңының 25) тармақшасына 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қағида (бұдан әрі - Қағида) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. «Ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған адамдарға профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 6481 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 249 жарияланған) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 16 тамыздағы № 356 бұйрығының күші жойылды деп танылсын. ҚР Ішкі істер министрінің 2018.16.07. № 517 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары, департаменттері, дербес басқармаларының бастықтары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттерінің бастықтары ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықты зерделеуін және оның талаптарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|