Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 309 Қаулысымен күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 21 тамыздағы № 298 қаулысымен бекітілген
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандар мен Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші; 2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - орталық) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: 1) Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешім; 2) куәлікті немесе оның телнұсқасын беру болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны - қағаз түрінде.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|