Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ерекше жағдайлар режимін енгізу қағидасын бекіту туралы (2017.05.06. берілген толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ерекше жағдайлар режимін енгізу қағидасы бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 бұйрығының 1-тармағы 1) тармақшасының (Нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 8 мамырдағы № 7630 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 31 қазандағы, 2012 жылғы 7 қарашадағы № 375-376, 383-384 (27194-27195, 27202-27203, 27204-27206), 2012 жылғы 8 қарашадағы № 388-389 (27207-27208) жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны кейіннен ресми жариялауды; 2) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне және ресми ақпараттық бұқаралық құралдарына жариялауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М. Бердалин) жүктелсін. 5. Осы бұйрық оны бірінші ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі, бірақ 2015 жылғы 1 қаңтардан ерте емес.
Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 510 бұйрығымен бекітілген
қағидалары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|