«Операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы және «Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1386 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 729 Қаулысымен күші жойылды
«Пошта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 19) тармақшасына және 8-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидалары бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1386 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 50, 575-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы ережеде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы ережеде (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы, «Байланыс туралы» 1999 жылғы 18 мамырдағы заңдарына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторының (бұдан әрi - Ұлттық почта операторы) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес почта байланысының әмбебап қызметтерiн, арнайы байланыс қызметтерiн ұсыну, қаржылық қызметтi және қаржылық қызметтер көрсетудi жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттемелерiне байланысты өкiлеттiктерiн, негiзгi мiндеттерi мен функцияларын белгiлейдi.»; 4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) кез келген елдi мекенде кез келген пайдаланушыға почта байланысы саласындағы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң талаптарына сәйкес келетiн почта байланысының әмбебап қызметтерiн ұсынады;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|