|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 64-құжат; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 11, 67-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнында 36-2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «36-2-тарау. Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында экстремизмдi немесе террористiк іс-әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистiк немесе террористік деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистiк немесе террористiк деп тану туралы өтiнiш бойынша iс жүргiзу»; 2) 237-баптың 6) тармақшасындағы «құрылымдау туралы шешімдер дереу орындалуға тиіс.» деген сөздер «құрылымдау туралы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын: «7) Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік іс-әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистік немесе террористік деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы; 8) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы шешімдер дереу орындалуға жатады.»; 3) 289-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «11) Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік іс-әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистік немесе террористік деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы;»; 4) 36-2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «36-2-тарау. Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында экстремизмдi немесе террористiк іс-әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистiк немесе террористік деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистiк немесе террористiк деп тану туралы өтiнiш бойынша iс жүргiзу»; 5) 317-6, 317-7 және 317-8-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «317-6-бап. Өтініш беру Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік іс-әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистік немесе террористік деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы өтінішті прокурор осындай талаптарды мәлімдеген прокурордың орналасқан жері бойынша немесе осындай материалдардың табылған жері бойынша сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында береді. 317-7-бап. Өтiнiштiң мазмұны Өтiнiште Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экстремистік немесе террористік деп танылуы мүмкiн іс-әрекетті ұйымның Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында жүзеге асыруы фактiсiн не оның өз атауын өзгерткенінің, сондай-ақ ақпараттық материалдарда экстремизм немесе терроризм белгілерінің және (немесе) оған шақыру болуының фактісін растайтын мән-жайлар жазылуға тиiс. Прокурордың ұйымды экстремистiк немесе террористiк деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистiк немесе террористiк деп тану туралы өтiнiшiнде қамтылған материалдар шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарынан алынған нақты деректердi де, соның iшiнде халықаралық соттардың және шет мемлекеттер соттарының сот шешiмдерiн де қамтуы мүмкiн. 317-8-бап. Өтiнiш бойынша соттың шешiмi Сот ұйымды экстремистік немесе террористік деп және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп танып, ұйымның іс-әрекетіне тыйым салу және оны тарату және (немесе) ақпараттық материалдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, онда басып шығаруға, әзірлеуге және (немесе) таратуға тыйым салу туралы, сондай-ақ ұйымның мүлкін тәркілеу және мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы шешім шығарады. Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік іс-әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистік немесе террористік деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы сот шешімі бұл туралы мәліметтерді өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның арнайы есепке алу жүйесіне енгізу үшін негіз болады.». 2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 44-бап мынадай мазмұндағы 5-2-тармақпен толықтырылсын: «5-2. Ғибадат үйін (құрылысын) салу үшін жер учаскесін беру оны салу туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасына сәйкес берілген шешімі болған кезде жүргізіледі.»; 2) 49-1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Ғибадат үйіне (құрылысына) бейінін өзгертетін ғимарат (құрылыс) орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішке облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасына сәйкес берілген осы ғимараттың (құрылыстың) ғибадат үйіне (құрылысына) бейінін өзгерту (функционалдық қызметін өзгерту) туралы шешімі қоса беріледі.». 3. «Жедел-iздестiру қызметi туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат): 1) 5-баптың 5-тармағының үшінші бөлігіндегі «халықаралық» деген сөз «экстремизмге және» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 12-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Тек қана Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында барлау және қарсы барлау ақпаратын алу, шет мемлекеттердің, шетелдік ұйымдардың арнаулы қызметтерiнің және жекелеген адамдардың барлау-нұқсан келтіру мақсатындағы қолсұғушылықтарын анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі қарсы барлау шараларын қамтамасыз ету үшін арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келiсiлген тәртiппен жүзеге асырылуы мүмкiн.». 4-тармақ 2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 4. «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат;): 22-баптың екінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) егер ұлттық қауіпсіздік органдарында оның экстремизмге немесе террористік іс-әрекетке қатыстылығы туралы мәліметтер болса, сондай-ақ оның әрекеттерінде сот қауіпті түрде қайталанған қылмыс бар деп таныса;». 5. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат): 5-тармақтың 1), 2) тармақшалары 2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 1) 13-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын: «12-1) жеке және заңды тұлғаларға тергеп-тексерілуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға жағдайлар туғызатын іс-әрекетке (әрекетке немесе әрекетсіздікке) жол бермеу туралы орындалуы міндетті ресми алдын ала ескертулерді жазбаша түрде хабарлау;»; 2) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын: «13-1-бап. Ресми алдын ала ескерту Ресми алдын ала ескертуді (бұдан әрі - алдын ала ескерту) жазбаша нысанда хабарлау туралы шешімді Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органының уәкілетті басшысы тексеру аяқталғаннан және жеке немесе заңды тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға жағдайлар туғызатын іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) жасағаны туралы алынған мәліметтер расталғаннан кейін қабылдайды. Алдын ала ескертуге қол қою құқығы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасына немесе оның орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының директорларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарының бастықтарына тиесілі. Тергеп-тексерілуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау үшін жағдайлар туғызатын іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), жеке немесе заңды тұлға оны жасағаны үшін алдын ала ескертілетін бұл іс-әрекетке (әрекетке немесе әрекетсіздікке) жол беруге болмайтыны және жауаптылық туралы көрсетіле (келтіріле) отырып, алдын ала ескерту нақты жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның басшысына (лауазымды адамына) жіберілуге тиіс. Алдын ала ескертуде жеке немесе заңды тұлғаға оның алдын ала ескертуге Қазақстан Республикасының жоғары тұрған ұлттық қауіпсіздік органына, прокуратураға немесе сотқа шағым жасау құқығы түсіндіріледі. Алдын ала ескерту хабарланғаннан кейін оның көшірмесі жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жіберіледі. Ұлттық қауіпсіздік органдары хабарланған алдын ала ескертулерді есепке алуды жүргізеді.»; 3) 23-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын энергиямен, сумен және жылумен жабдықтау, көлік, байланыс (арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерін қоспағанда), коммуникациялар, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы мен тіршілікті қамтамасыз етудің басқа да жүйелері саласындағы шаруашылық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым жүзеге асырады.». 6. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 1-бапта: мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: «6-1) терроризм актісін жасауға шақыру - жария түрде айтылған немесе таратылатын ақпараттық материалда көрініс тапқан, жеке тұлғаны терроризм актісін жасауға итермелеу мақсатында оның санасына, еркіне және мінез-құлқына әсер ететін үндеу;»; 10) тармақшаның төртінші абзацындағы «зардап шеккен» деген сөздер «жәбірленуші» деген сөзбен ауыстырылсын; 6-тармақтың 1) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтары 2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «12) терроризмді қаржыландыру - жеке тұлғаның не адамдар тобының не заңды тұлғаның іс-әрекетінің террористік сипатын не берілген мүліктің, көрсетілген ақпараттық, қаржылық және өзге де қызмет түрлерінің террористік іс-әрекетті жүзеге асыру не террористік топты, террористік ұйымды, заңсыз әскерилендірілген құралымды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатынын көрінеу ұғынып жасаған адамның оларға ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беруі немесе жинауы, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдық жасауы, демеушілік және қайырымдылық көмегі, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсетуі не қаржылық қызметтер көрсетуі;»; мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын: «14-1) террористік материалдар - терроризм актісін жасау тәсілдері мен құралдары туралы ақпаратты, сондай-ақ террористiк iс-әрекет белгілерін және (немесе) оны жүзеге асыруға шақыруды қамтитын не осындай iс-әрекеттi жүзеге асыру қажеттiлігiн негiздейтiн немесе ақтайтын кез келген ақпараттық материалдар;»; 15) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: 6-тармақтың 1) тармақшасының оныншы абзацы 2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді «15) террористік топ - бір немесе бірнеше террористік қылмыс жасау мақсатын көздейтін ұйымдасқан топ; 16) террористік тұрғыдан осал объектілер - аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық объектілер және стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері, қауіпті өндірістік объектілер, адамдар көп жиналатын объектілер, олардың тізбесін және оларға қойылатын тиісті талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды;»; 18) тармақшаның жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «терроризм идеяларын насихаттау, террористiк материалдарды тарату, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып тарату;»; 2) 4-баптың 5-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін олардың уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органына іссапармен барады немесе жіберіледі. Мемлекеттік органдардың уәкілетті өкілдерінің Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органына іссапармен баруының немесе оларды жіберудің тәртібі Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережеде айқындалады.»; 3) 7-бапта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары Қазақстан Республикасының заңдарымен өздерінің қарауына жатқызылған террористік қылмыстарды анықтайды, олардың алдын алады, жолын кеседi және оларды тергеп-тексереді, террористік қатерлерді талдауды және болжауды жүзеге асырады, терроризмге қарсы операциялар өткізуді ұйымдастырады, қарсы барлау шаралары арқылы террористік іс-әрекетке қарсы іс-қимылды жүзеге асырады, шет мемлекеттердің тиісті құзыретті органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады;»; 5) тармақшадағы «халықаралық» деген сөз алып тасталсын; 9) тармақшада: «насихаттауды және бейбіт этносаралық келісім үшін жағдайлар жасауды» деген сөздер «және этносаралық келісімді насихаттауды» деген сөздермен ауыстырылсын; «бірыңғай ақпараттық кеңістігін қорғауды қамтамасыз ету жолымен» деген сөздер «ақпараттық кеңістігінде» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын: «9-1) мәдениет саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасында ішкі саяси тұрақтылықты және этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған шараларды іске асыруды қамтамасыз етеді;»; 17) тармақшадағы «зардап шеккен» деген сөздер «жәбірленуші» деген сөзбен ауыстырылсын; 18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «18) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган терроризм актісінің салдарынан зардап шеккен адамдарды және оның жолын кесуге қатысқан адамдарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша шараларды іске асыруды және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;»; 20) тармақшадағы «зардап шеккен» деген сөздер «жәбірленуші» деген сөзбен ауыстырылсын; 4) мынадай мазмұндағы 10-4-баппен толықтырылсын: «10-4-бап. Террористік материалдарды әкелуге, басып шығаруға, әзірлеуге және (немесе) таратуға жол бермеу 1. Қазақстан Республикасының аумағына террористік материалдарды әкелуге, оларды басып шығаруға, әзірлеуге және (немесе) таратуға тыйым салынады. 2. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын және террористік іс-әрекет белгілері және (немесе) оны жүзеге асыруға, оның ішінде терроризм актісін жасауға шақыру қамтылған не осындай іс-әрекетті жүзеге асыру қажеттілігін негіздейтін немесе ақтайтын ақпараттық материалдарды прокурордың өтініші бойынша осындай талаптарды мәлімдеген прокурордың орналасқан жері бойынша немесе осындай материалдардың табылған жері бойынша сот оларды әкелуге, басып шығаруға, әзірлеуге және (немесе) таратуға тыйым сала отырып, террористік деп таниды.»; 5) 12-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «12-1-бап. Террористік ұйымдарды, террористік деп танылған ақпараттық материалдарды және террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алу 1. Терроризм профилактикасы, оны анықтау және оның жолын кесу мақсатында өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган соттардың шешімдері негізінде террористік ұйымдарды, террористік деп танылған ақпараттық материалдарды және террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алуды жүргізеді. 2. Сот ұйымды террористік деп таныған және террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін оны тарату арқылы іс-әрекетіне тыйым салған, сондай-ақ ақпараттық материалдарды террористік деп таныған не террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін адамдарды жауапқа тартқан кезде өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға сот ақпараттық есепке алу құжаттарын дереу жіберуге міндетті. 3. Өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган сот террористік деп таныған ұйымдардың және ақпараттық материалдардың бірыңғай тізімдерін жүргізеді. Көрсетілген тізімдер өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.»; 6) 13-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабының құрамына терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және терроризмге қарсы операция жүргізуге өз құзыреті шегінде қажетті көмек көрсете алатын өзге де мемлекеттік органдардың басшылары кіреді.»; 7) 15-1-баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |